Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Сараптама • 14 Тамыз, 2024

Ең танымал әрі беделді кәсіп

Бүгінде еңбек нарығында күрделі трансформация жүріп жатыр. Өз кезегінде бұл қоғамның әлеуметтік құрылымында жаңа топтардың пайда болуына әсер етеді. Аталған өзгерістерді көбіне технологияның өркендеуімен және жаппай цифрландыру үдерісімен байланыстырамыз.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2024

Қызанды шөл қысып тұр

Қызан мен Ақшымырау – Маңғыстау өңірінде ең шетте, облыс орталығынан – 300, аудан орталығынан 110 шақырым қашықта жатқан ауылдар. Бүгінде осы ауылдардың халқы жергілікті әкімдер мен су мекемелері басшыларынан қайыр болмағаннан кейін Қашаған жырлағандай «Адыра қалғыр аспаннан, жауын сұрауда құдайлап».

Мәселе • 14 Тамыз, 2024

Жайылымдарға жүйелі көзқарас керек

Республикадағы жайылым өнімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігі көңіл көншітерлік деңгейде емес. Әсіресе, ең қолайсыз жағдай Маңғыстау өңірінде қалыптасқан. Қолданыстағы жайылым сапасының жыл өткен сайын төмендеуі, тозу деңгейінің артуы, ішінара қуаңшылыққа ұрынуы, шабындықтардың мардымсыз өнімділігі және басқа факторлар еліміздегі табиғи мүмкіндікті толық игеруге шектеу болып тұр.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2024

Су мәселесі – елдік мәселе

Биыл Атырауда Қазақстан Президентінің қатысуымен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрыл­тайдың үшінші отырысы өткені белгілі. Жиында Мемлекет басшысы көптеген маңызды тақырыптарды, соның ішінде суды үнемдеу мәдениетін енгізу мәселесін көтерді.

Пікір • 14 Тамыз, 2024

Мелиорацияның көкейкесті міндеттері

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда су мәселесін қозғап, бұл саланың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осы орайда елде су тапшылығы пайда болғанын, материалдық қана емес, рухани ысырапшылдыққа жол берілгенін сынады. Президент сөзінің жаны бар. Мәселеге тереңнен үңілсек, тиянағын таппай тұрған мысалдардың қарасы қалың екені аңғарылады.

Қоғам • 13 Тамыз, 2024

Жер беруден бас тартқан Риддер әкімін жергілікті тұрғын сотта жеңіп шықты

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының әкімінен Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беруін сұраған. Алайда әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Бұдан соң, талап қоюшы сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 13 Тамыз, 2024

Салдармен емес, себеппен күресу қағидаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені­мен Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті. Әр басқосуда көтерілген өзекті мәселелермен қатар, қоғамның құнды­лық­тарына айналуға тиіс ұғымдарға баса назар аударылды. Олар – адал азамат, адал адам, адал табыс. Бұл тү­сініктер Әділетті Қазақстан құру идеясымен ұштасады.

Таным • 12 Тамыз, 2024

Шолохов. Ат басы және адам тағдыры

Мәскеуге жолыңыз түсіп, Гоголь бульварына бара қалсаңыз, ерекше бір ескерткішті көрер еді­ңіз. Ол – кеңес одағынан шық­қан Нобель сыйлығының лау­реаты, әйгілі жазушы Михаил Шолоховтың әйкелі (бауырлас өзбек пен қырғызға құрметіміз болсын, ескерткіш бірінде – хәйкел, екіншісінде әйкел аталады).

Тұлға • 12 Тамыз, 2024

Ғалым ғибраты

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығы қандай өміршең. Академик Сыздық Рабиға Сәтіғалиқызының қазақ тіл білімін дамыту, өресін кеңейту, оның қолданбалы әрі теориялық құнын арттыру барысындағы еңбектері көптеген жаңалықққа толы. Әсіресе көрнекті ғалым қазақ тіл білімін дамытуға айрықша еңбек сіңірді. Ол тарихи-филологиялық тұрғыдан Абай тілін тұңғыш рет кең ауқымда зерттеп, орасан тың жаңалық ашты. Осы бағыттағы «Абай тілінің морфологиялық ерекшеліктері» «Абай шығармалары­ның тілі (лексикасы мен грамматикасы)», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Язык произведений Абая», «Абайдың сөз өрнегі», «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» секілді бірегей еңбектері – сөзіміздің дәлелі.

Тарих • 10 Тамыз, 2024

Бие сүті емі

Бүгінде қысы-жазы сатылатын қымыз қазақ баласына аса таңсық емес. Әрине, мәселе – сапасы мен дұрыс бапталуында. Кейінгі заманда шыққан «Биесі жоқ үйдің қымызы» деген мәтел бар. Бұл қолдан жасалған «бірдеңені» меңзейді. Яғни көзбояушылық һәм арсыздың ісі.