Пікір • 09 Тамыз, 2024
Фумио КИШИДА, Жапония Премьер-министрі: Ынтымақ пен дамуға бастайтын диалог
Аталған диалог 2004 жылы Жапонияның бастамасымен дүниеге келген және биыл оған 20 жыл толып отыр. Жапония билігі хабарлағандай, Кишида мырза диалог аясында орнаған серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Жапония Үкіметінің басшысы Орталық Азия елдері басшыларымен жоғары деңгейде кездесу өткізбекші. Кездесулер барысында халықаралық ауқымдағы екіжақты мәселелер мен ынтымақтастық төңірегіндегі және жекелеген салалардағы кең ауқымды қарым-қатынастарды нығайту көзделіп отыр.
Президент • 08 Тамыз, 2024
Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы
I. ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Руханият • 08 Тамыз, 2024
Біз Абайды оқып, таңдай қағып, тамсанып болдық деп ойлаймын. Ендеше, сол бабамыздың өсиетін орындауға кірісу керек. Абай айтқан әрбір сөзді жете түсініп жатқан жоқпыз. Сырын ашайын деп жатқан Абай да жоқ. Кейбір кісілер айтып жатады ғой, жастық шақта, егде жасымда оқыған Абай екі бөлек деп.
Руханият • 08 Тамыз, 2024
Әуезовтің шәкірт-досы, қазақ прозасына өлшеусіз үлес қосқан жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұлов осыдан жетпіс жыл бұрын Абай шығармашылығын зерттеуге ат басын бұрыпты. 1954 жылдың алғашқы айларында Абай поэзиясының көркемдік құндылықтары, жаңашылдығы, тұтас қазақ поэзиясына, күллі қазақ әдебиетіне, руханиятына жасаған әсер-ықпалы, тарихи миссиясы туралы тұңғыш ой-толғамдарын қағаз бетіне түсіре бастаған. Алдымен алғашқы үзінділерін газет беттерінде жариялап алған соң, осы дүниесін үлкен сүйекті мақалаға, тұтас зерттеу еңбегіне айналдырып, 1958 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жемісті жолда» атты тұңғыш әдеби-сын мақалалар жинағына енгізіпті.
Тәрбие • 08 Тамыз, 2024
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы ең өзекті мәселелерге назар аударды. Бұл басқосуда елдегі саяси реформалар қорытындыланып, алдағы кезеңде іске асыратын кешенді экономикалық және әлеуметтік реформаларға қажетті іс-қимыл жоспары таныстырылды.
Пікір • 08 Тамыз, 2024
Қоғамдық дертпен жұмыла күресу керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет», деді.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2024
Геологиялық барлаудың жаңа тәсілі
Елімізде экологияға залалы аз тиетін геологиялық барлаудың жаңа тәсілдері зерттеліп жатыр. Жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын зерттеу жұмыстарын «Самұрық-Қазына» қорына қарасты «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қаржыландырады.
Экономика • 08 Тамыз, 2024
«Самұрық-Қазына» қорының халықтық жобалары жалғасады
400 баланың арманын орындады «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске қосылған «Туған елге саяхат» жобасы тамыз айының алғашқы сенбісінде өз мәресіне жетті. 10-15 жас аралығындағы 400 бала саяхат пойызында 2 кезеңнің қорытындысында 9 294 км жолды еңсеріп, Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға сапар шекті.
Саясат • 07 Тамыз, 2024
Ортақ мүдде біріктірген бауырлас халықпыз
Өзбекстан Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдерімен өзара сенім мен тату көршілікке негізделген қатынастарды дамыту жолымен жүріп келеді. Өзбек және қазақ халықтары жақын көршілер ғана емес, көпжақты ынтымақтастықтың көптеген аспектісі бойынша бір-бірін бауырлар ретінде қолдап отырады.
Сараптама • 07 Тамыз, 2024
XXI ғасырда әлемде климаттың жылынуы, ауаның ластануы, қоршаған ортаны қорғау сынды өзекті экологиялық мәселелер орын алып, «жасыл» экономикаға көшу адамзат баласының алдында тұрған негізгі мақсаттардың біріне айналды. «Жасыл» экономика – табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген.