Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Кітапхана • 05 Тамыз, 2024

Жолда – жылжымалы кітапхана

Ақпарат әлемін ғаламтор билеп-төстеген бүгінде халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет. Нағыз білім қайнарының мәртебе­сін қайтару мақсатында Бөрлі ауданының орта­лықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Жылжымалы кітапхана» атауымен жаңа жоба қолға алынды. Аталған жоба аясында көп­теген кітапханада іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылып жатыр.

Тұлға • 03 Тамыз, 2024

Сөзі мірдің оғындай

Басығара баласы Қанапия дегенде, көз алдымызға көзі көмір шоғындай, сөзі мірдің оғындай, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы жігіт елестейді. Шынында, ол қандай кісі болды екен? Өткен күннен қалған ­суреттер жоқ. Бірақ ел аузында сақталған деректер бар.

Қоғам • 02 Тамыз, 2024

«Қарызсыз қоғам» сарапшылары Қытайдың кедейлікті азайту тәжірибесімен танысты

«AMANAT» партиясының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды және онда ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кедейлікті азайту орталығының жұмыс тәжірибесін зерттеді. Орталық өзінің инновациялық тәсілдерімен және осы саладағы маңызды жетістіктерімен танымал. Делегация құрамында «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары да болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай • 02 Тамыз, 2024

Әлеуметтік әділеттілік негізі

Әділдік және жауапкершілік – мемлекеттің де, қоғамның да айнымас темірқазығы болуға тиіс. Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. Президенттің пайымдауынша, барлық салада әділдік болса, әлеуметтік теңдік орнайды, татулық пен келісім нығая түседі. Ал әділдік – ең алдымен, жұрттың бәріне бірдей құқық беру және жауапкершілікті баршаға тең жүктеу деген сөз. Басқаша айтсақ, жауапкершілік болмаса, әділдік те болмайды. Әркім өз ісіне, міндетіне жауапкершілікпен қараса, жеке азамат та, бүкіл ел де табысқа жетеді. Әділдіктің қуаты – осында.

Зерде • 02 Тамыз, 2024

Омбыдан түлеген оғландар

Дәуір дидарындағы адамзат баласының ең ащы ышқынысы мен ең ауыр күрсінісі Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған уақытымен тұспа-тұс келеді. Ондағы қазақ халқының ерлігі мен өрлігі тарих бетінде алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Бұл жолы отан үшін отқа түскен ерлер, көпшілікке беймәлім Омбы жерінен аттанған бес қазақ – Төлебай Әжімов, Қайден Қарабаев, Великан Есмағамбетов, Темірбай Сүйінов , Өмірзақ Шалғынбаев пен Польша даласында жерленген Зәйкен Көпеевтің өмір жолы мен ерлігі хақында баян ететін боламыз.

Зерде • 02 Тамыз, 2024

Алаш полкінің командирі Адамбек Бекмұхаметов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Еліміздің Қытаймен шекаралас Шығыс шетіндегі шағын ғана Зайсан қаласында орналасқан, ескерткіш тақта орнатылған осы бір көне де еңселі ғимараттың бір жарым ғасырлық тарихы мен тағдыры бүкіл өңір тарихымен астасып жатыр. Ол еліміздегі Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірінен де жақсы сыр шертеді деп айтуға болады. Жұртқа түсі­нікті болу үшін әңгімені сәл әріден бастауға тура келеді.

Бизнес • 02 Тамыз, 2024

Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады

Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы қаулыға қол қойды. Естеріңізде болса биылғы сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруге тапсырма берген еді. Оқу орны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.

Сатира • 02 Тамыз, 2024

Мен – үйде, Қатыш – тойда

Мен деген... «Мен мен едім, мен Нарында жүргенде...» деп айтатын мен емес, қарапайым еркекпін. Онымды өзім де мойындаймын. Заман өзгеріп, нарық келіп, еркектен еркелік те, билік те кеткеніне өз басым өкінбеймін. Заманға бейімделіп, бар тірлікті дөңге­лете өрге оздырған қатынға... ойпыр-ай, қаты­ны несі, естімесін, еркелете айтсам, қатышқа ризамын.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2024

Көзден кетсе де, көңілден кетпейтін азамат

Иә, «Көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген қазақ атамыздың сөзі бар. Көптеген замандастың көңілінен кетпейтін, көпшілік арасында «алтын қолды дәрігер» атанған арлы да дегдар азаматтың өмірден озғанына 40 күнге таяп қалыпты. Ол – дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, республикамыздың хирургтер қауымдастығының төрағасы Манас Ахметжарұлы Сейсембаев.

Құрылтай • 02 Тамыз, 2024

Жастар саясаты синергиясы

Құрылтай ұлттық диалогті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып отыр. Басқосу еліміздің болашақ дамуына қатысты халықтың үні мен көзқарасының әлеуметтік-мәдени алуандығын білдіретін елеулі қоғамдық институтқа айналды. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидасы тиімді жүзеге асырылып жатыр.