Қазақстан • 01 Тамыз, 2024
2022 жылғы конституциялық референдумды қоғамның қабылдауы
2022 жылы 5 маусымда ел тарихында үшінші жалпыхалықтық референдум және Конституцияға түзетулер енгізу бойынша екінші рет конституциялық референдум өткізілді. Осылайша суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқару нысанына көшу, билікті монополиядан арылту, қоғамдық-саяси және құқықтық институттарды одан әрі дамыту бағыттары белгіленді.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2024
Бүгінде білім алмаған адам кемде-кем. Бірақ білімнің де білімі бар. Осы тұрғыдан келгенде, Мейрамбек Әлнәсірұлына Жаратқан таңғаларлық қасиет дарытқан еді. Ол жастай әділеттілікті, шындықты дәріптеді, сол жолдан таймайтын азаматтарды жоғары бағалады. Тәкаппар адамды жан-тәнімен ұнатпады.
Қазақстан • 31 Шілде, 2024
Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп
Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Спорт • 31 Шілде, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бақ сынау үшін Астанаға 100-ден аса елден 3 мыңға жуық қатысушы, солардың ішінде әйел спортшылар да келетіні анық. Біздің елде де ұлттық спорттың қарқынды дамуына өз үлесін қосып жүрген әйелдер саны жыл сайын артып келеді. Биыл көктемдегі есеп бойынша 170-ке жуық әйел тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату және жамбы атудан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр екен.
Мектеп • 30 Шілде, 2024
Жайлы мектептердің жайы қалай?
Елімізде апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңыздылығын асыра бағалауға болмас. Алайда, Президенттің бастамасын жүзеге асыру барысы көп жағдайда әділетсіз сынға жиі ұшырап жатады. Сонымен, заманауи білім ошақтарының құрылысы қалай жүріп жатыр? Желідегі сынның ақ-қарасын ажыратып, мән-жайды анықтау үшін Egemen.kz редакциясы жайлы мектептердің құрылысына жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға сауал жолдады.
Руханият • 30 Шілде, 2024
Кіндігіміз бесінші атадан қосылатын қаным еді. Ана Алтайдың екі жағына қақ бөлініп қалған Хангелдінің ол кісі Моңғолия бетіндегі көшін бастап, мен Қытай шекарасынан асып Астанада қосылып едік. «Қанымсың ғой», деп қатты қысып еді тас жібіткен ыстық құшағына! Қаламымен ғасыр көшірген қайран ғұлама! Бумын, Тоныкөк қағандардың рухын жеткізіп еді, ана топырақтан атажұртқа! Күлтегіннің көк тасын көтеріп, Астана төріне орнатуға атсалысқан еді. Ата домбыраның жұпар үнімен сүйсіндіріп еді дүйім қазақты!
Руханият • 30 Шілде, 2024
Қаржекем өтті дүниеден... Киелі Кең-керіс, Ақтермел, Алтай-Саян, Сарыарқа, Өтүкен қойнауы, кең өткелді Керулен өксіп иен қалғандай. Тәңір-Ақпан таулары аһ ұрып күрсінгендей. Көгмен асуында найзағай жарқылдап, аспан көз жасын төккендей. Түркілік рухтың қабағына кірбің түскендей. Бөклі шөлінде бөрілер тұмсығын аспанға білеп ұлып, Жарыс жазғанда Күлтегіннің он түмен қолы атынан түсіп аза тұтқандай...
Руханият • 30 Шілде, 2024
Қаржаубай Сартқожаұлы – саналы ғұмырын ұлт мұратына арнаған тұлға. Ғылым жолы алып мұхит болса, сол мұхиттың түбіне бел шешіп сүңгіген аздың бірі еді.
Қоғам • 30 Шілде, 2024
Жуырда академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне ғалымның 125 жылдығы және әйгілі археолог Кемел Ақышевтың 100 жылдығына орай Кемел Ақышевтың немересі Мая Әлішерқызы келді.
Қоғам • 29 Шілде, 2024
Лудомания мен наркоманияның клиникалық белгілері
Халықаралық аурулар классификациясында гемблингке - «құмар ойындарына патологиялық бейімділік, құмар ойындарын қайта-қайта ойнау» деген анықтама берілген. Бұл процесс адам өмірінде басымдыққа ие болып, әлеуметтік, кәсіби, материалдық, отбасылық құндылықтардың маңызын төмендетеді, яғни, оған душар боған адам осы салалардағы міндеттеріне тиісті көңіл бөлмейді.