Марапат • 25 Қазан, 2025

Күлшат ДӘУРЕНБЕКОВА ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алуым – үлкен мәртебе.

Күлшат ДӘУРЕНБЕКОВА ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері

Сурет: ernur.kz

Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарамын. Осы қызметте жүргеніме 25 жыл болды. Алған марапатым – сол еткен еңбегімнің өтеуі, ұжымның еңбегімді бағалауы. Әр кәсіптің өз қиындығы бар. Біздің жұмыс әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсету болғандықтан, бұл кәсібімді әрі еңбек, әрі сауапты іс деп қараймын.

Егемендік туралы декларация қабылдау арқылы тәуелсіздіктің алғашқы іргетасы қаланды. Содан бері де 35 жыл сырғып өте шығыпты. Осы уақыт ара­лы­ғында байтақ еліміз адам танымастай өзгерді. Жылдан-жылға дамып, гүлденіп келеді. Сол жол­да жұдырықтай жұмылып, ынтымақпен еңбек ете беру – баршамыздың ортақ борышымыз.

Жүрек қалауымен таңдаған мамандығын жетік меңгеріп, қиындығына төзіп, жемісіне қуанатын жандардың адал еңбегі әрқашан да еленгені жөн.

 

Шымкент   

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025