Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Парламент • 11 Шілде, 2021

Депутаттық сауалға – «сырғытпа» жауап...

Сенатқа депутат болып келгеніме  10 айдың жүзі болыпты. Осы уақыт ішінде 119 заң жобасын қарауға қатыстым. Олардың мақсаты – қоғамды демократияландыру, жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту, экономиканы дамыту, пандемия жағдайында халықты әлеуметтік қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, экологияны қорғау және басқалар.

Тарих • 11 Шілде, 2021

Наполеон Бонопарт және Бөкей Ордасы

Осы жылы XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында құрылған Бөкей Ордасына 220 жыл толды. Сөз жоқ, Қазақ мемлекеттілігінің тарихында Бөкей Ордасының алатын орны орасан зор. Осы уақытқа дейін бұл саяси бірлестіктің құрылуының негізгі екі себебі айтылып келді. Біріншісі – XVIII ғасырдың соңғы жылдарында Кіші жүзде әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың мейлінше шиеленісуі болса, екіншісі – патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты.

Әлем • 11 Шілде, 2021

Шекарадан ши шықты

Шілде айы Орталық Азия елдері үшін тыныш басталған жоқ. Әсіресе, шекарадан ши шығып, аймақ күрделі ахуалға тап келді. Біріншіден, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қақтығыс болып, бір сарбаз қаза тапты. Екіншіден, Ауғанстандағы жағдай күрделене түсіп, көршілес жатқан Орталық Азия елдерін алаңдатып отыр.

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Алматыда қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтар қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Алты баланың анасы үшем әкелді

Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды. Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан №3 облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді.

Коронавирус • 09 Шілде, 2021

Міндеттеудің құқықтық негізі қандай?

Әділет министрлігі міндетті вакциналаудың құқықтық негіздері­не түсініктеме берді.

Әдебиет • 09 Шілде, 2021

Мұқағали ғасыры

Қазақ әдебиетінің тарихына зер салсаңыз, өмір бесігін тербетіп, өлім күйін әлдилеп, оқырманды тасқа тұнған теңіздің тамшысындай таза табиғатымен табыстыратын алтын кезеңдердің көш бастаушысы – ақындар екеніне күмәніңіз қалмайды. Поэзия адамның ең жақын, риясыз сырласы болғандықтан, жыр әлемінің шыңырауындағы астарлы ақиқаты елдің елік көңілін алдымен елеңдетіп жатады. Әйткенмен, сарыла сағынып, сарқыла ойланып, «өз жүрегін өзі жеп, дәмін өзгелерге де татқызатын» (Назым Хикмет) ақындық сапар азабы көп, қиын жол.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жер қаты­настарын дамыту туралы заң біз үшін өте маңызды. Өйткені жерді жалға алғанымен, пайдаға асырмай жүрген кәсіпкерлеріміз жетерлік.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Өзекті мәселелер шешілді

Қоғамда ұзақ жылдар бойы қордаланып келген өзекті пробле­малардың бірі – жер мәселесінде нақты қадамдар жасалып, заң жүзінде іске асып жатыр. Жақында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, саладағы бірқатар маңызды мәселенің реттелуіне жол ашты.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Көлеңкелі экономиканы жоюға көмектеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қа­тынастарындағы өзгерістер туралы заңға қол қоя отырып, күрмеуі шешілмеген қоғамдық маңызы бар мәселенің түйінін тарқатты. Бұл заңды бәріміз күттік. Ел болып үміт арттық. Сол үмітіміз ақталды.