Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Пікір • 07 Сәуір, 2021

Еліміз жаңа, ал стандарттарымыз ескі...

Отыз жылдан бері егеменді елге айналған Қазақстан қаншама қиындыққа жолықса да, тастай берік төзімділігі арқылы жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Осы жылдар ішінде еліміз сан белестен өтіп, талай жетістікке қол жеткізді.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2021

Тарих толқынындағы сабақтастық

Көргісі келмес қасақы біреу болмаса, бүгінгі Түркістанның кісі танымастай зәулімденіп, тарихи жәдігер шаһардың бір демде ақ шаңқан жаңа қалаға айналып, мүлде тың өріске шыққанын көрер еді. Ақ шаңқан үйлерге қарап отырып, Түркістан­ның осындай сәтке қалай жет­кенін ойлайсың. Облыс орталығын қолмен құрып жатқан басшы, қосшы азаматтарға ризашылық айтқың келеді. Кейбір сәтіне өзің қатысқан, тағы бір сәттерді архив айғақтайтын қуанышты кезеңдер картинаға айналып, елес болып көз алдыңнан өтеді.

Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Бес тауықтан – елу сиырға

Ділдәмен алғаш танысып, әңгімеге тартқанымызда жеңін тартқылап, қолын тыққыштап бақты. Жанарымыз еріксіз сол жең жасырған қолға ауды. Өзі де сезді білем:

Әлем • 06 Сәуір, 2021

Қытайдың кезекті бесжылдық жоспары

ЛОНДОН. Қытайдың заң шы­ғару­шы органы Бүкілқытайлық халықтық конгрестің биылғы жиы­ны – кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаның бірі. Қазіргі таңда Қытай сыртқы саясатта қиын жағдайға тап келіп отыр. Яғни елдің саяси қуғын-сүргіні мен мәжбүрлі дипломатиясына қарсы мемлекеттердің саны күннен-күнге артып келеді. Сондықтан экономикалық даму моделіне тиісті өзгертулер енгізу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Бүгінде Қытай көшбасшылары «орта таптың табыс тұзағы» деп аталатын ұғымды айтудан қанша жерден басын алып қашқанымен, олардың бұл қауіптен құтылуға кіріскені айдан анық аңғарылады.

Қоғам • 06 Сәуір, 2021

Қонақжайлық – қазақтың бренді

Қазақ деген халықтың бір ерекшелігі, қазіргіше айтсақ бренді – қонақжайлық. Ұлтымыздың осынау дарқан пейілімен мақтануымызға да болар. Рас, біреулер оны орынсыз көреді, дарақылыққа да балайды. Сол қонақжайлық тегінге түспейді, әрине. Қонақ келсе, жалғыз атын соя­ды демей-ақ қояйық, қолда барын аямайтыны анық. Есептеулі дүниеде сол қонаққа шығынданатыны біраз қиындық та туғызады. Бірақ біреуге жақсылық жасау, риза ету де тегінге түспейді. Соған барған соң да, басқалар халқымыздың жомарттығын бағалайды.

Әлем • 06 Сәуір, 2021

Африка мектептердегі жағдайды қалай реттеуі керек?

АБИДЖАН. 15 жастағы сенегалдық қыз Хадидиату Фолл қайта­дан мектепке барғысы келеді. Коронавирус пандемиясына байланысты оның мектебі былтыр жыл бойы жабық болған-ды. Сабақ онлайн түрде өткенімен, ол мекендейтін кішігірім қала Руфисте интернет дұрыс ұстамайды. Сондықтан ол маңызды сабақтарды жиі өткізіп алады. Осылайша, білім алуға деген үмітінің күлі көкке ұшты. 

Руханият • 06 Сәуір, 2021

Айтыс – алуан қырлы өнер

Тегінде бұл, бұлбұлдай ән салған, қырандай қалықтаған, нөсердей төккен, ақтүтек борандай ұйытқып соққан, найзағайдай көкке тік шаншылған, бұлттан шыққан күндей ашылған, сарқырамадай төгіліп аққан ағыл-тегіл төкпе өнерді ойлап тапқан ата-бабаларға мың сан алғыс айтуымыз керек. ЮНЕСКО айтыс өнерін тегіннен тегін «мәдени шедевр» деп танымаған да болар.

ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғауды күшейтеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауына ӘҚБтК-нің кәсіпкерлік қызмет саласындағы баптары бекітілген, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында шетелдік және отандық инвесторларды қорғау тұрғысынан Антикордың әлеуетін күшейте түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 06 Сәуір, 2021

Тереңдей түскен ынтымақтастық

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммиті бейресми әрі онлайн форматта өткеніне қарамастан, өте маңызды басқосу болып саналады. Себебі ауқымды шарада көтерілген көкейкесті мәселелердің бірі – түркі әлемі үшін қасиетті Түркістан қаласының мәртебесі туралы жақсы ой-пікірлер айтылды.

Руханият • 06 Сәуір, 2021

Түркілер төрі – Түркістан

Түркітілдес, туыстас елдер жетекшілерінің жиыны қазіргі жағдайларға байланысты онлайн форматында өтті. Алайда Түркістанымызда ұйымдастырылмақшы болған ұлы жиынның мән-маңызы титтей де төмендеген жоқ. Баршаға аян, Түркістанды қайта түлету туралы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің әуелгі кезінен-ақ батыл ойларға берілгені белгілі. Тарихи Жарлығын жариялардан он тоғыз жыл бұрын Түркістанның орталық болатынын Ахмет Ясауи университетінде мағлұмдаған. Енді, міне, бүгінгі Түркістан екі-үш жылдың ішінде түрленіп, түлеп, гүлденіп шыға келді.