Пікір • 18 Маусым, 2024
Еңбек қатынастары: Әріптестік пен сұхбаттастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған «Әділетті Қазақстан» ұғымын мемлекет бағдарының басты идеологемасына айналдыру күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе екені анық. Ал бұл бағытта мемлекеттің қоғамға заңнамалық бастама беру арқылы демократиялық үдерістерді жалғастыруы, адамдардың еңбек жағдайларын жақсартуда олардың өкілетті өкілдерімен ынтымақтасты одан әрі жетілдіруі – маңызды шарттардың бірі.
Үкімет • 18 Маусым, 2024
Ректорлыққа үміткерлер мақұлданды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жоғары оқу орнының басқарма төрағасы-ректоры лауазымына үміткерлерді айқындау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Үкімет • 18 Маусым, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Баға • 18 Маусым, 2024
Cұйытылған газ бағасы көтеріледі
Биыл 1 шілдеден бастап мемлекет сұйытылған мұнай газының (СМГ) бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасын Энергетика министрлігі «Ашық құқықтық нормалар» порталында жариялады. Министрлік бұл шешімді қабылдаудың маңызын түсіндіріп өтті.
Аңдатпа • 18 Маусым, 2024
19 маусым - Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Р.Кунидің «Нөмір 13» комедиясы сахналанады. Режиссері – Ж.Телтаев.
Саясат • 17 Маусым, 2024
Мажарстандағы маңызды кездесулер
Мажарстан Ұлттық сайлау кеңсесінің шақыруымен ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров пен комиссия хатшысы Мұхтар Ерман Еуропалық Парламентке сайлау, жергілікті билік органдарының өкілдерін сайлау және ұлттық азшылық муниципалитеттерінің мүшелерін сайлаудың халықаралық байқауына қатысты.
Үкімет • 17 Маусым, 2024
Тасқынды болжаудың цифрлық жүйесі әзірленеді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы вице-министрлері қатысты.
Саясат • 17 Маусым, 2024
Түркі мемлекеттері ұйымы: Жаңа стратегиялық мақсаттар
Әзербайжанның Шуша қаласында өткен «Түркі мемлекеттері ұйымы: геосаяси шындықтар мен жаһандық катаклизмдер аясында жаңа стратегиялық мақсаттарға жету жолында» атты халықаралық конференцияда «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек сөз сөйледі. Ол өз пікірін «Түркі мемлекеттері ұйымы: жаһандық қауіпсіздікке аймақтық үлес» атты панельдік сессия аясында білдірді.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
95 медициналық нысан пайдалануға берілді
Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске мүдделі орталық мемлекеттік орган өкілдерімен бірге, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Тағзым • 17 Маусым, 2024
Зиялының алыбы, бекзаттың биігі, тектінің тұлпары, Алаш зиялылары мен ұлы әкесінің лайықты ізбасары Мұрат Мұхтарұлы Әуезов бақиға озды.