Қазақстан • 14 Маусым, 2024
Қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылады
Парламенттегілер қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесін қарауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Маусым, 2024
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді
14 маусымда Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант экспортының кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді. Ол Қазақстаннан қантты шетелге, оның ішінде ЕАЭО мемлекеттеріне экспорттауға ресми түрде тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
ШҚО-да үш жылдан бері судьяның орны бос тұр
ШҚО Тарбағатай ауданында аудандық сотта үш жылдан бері судьяның орны бос тұр. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Маусым, 2024
Бес айда темір жол көлігімен 102 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша 102,4 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 14 Маусым, 2024
Кәрім Мыңбаевтың мұрасы мен мұраты
1948 жылы 30 қыркүйекте Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлі мен Бетпақдаланың түйіскен жерінде алапат апат орын алды. Алматыдан шыққан ұшақ Балқаш қаласынан жанармай құйып, әуеге көтерілген соң 15 минуттан кейін жарылып кетті. Ұшақтың ішінде Мәскеуге, Сталин қолдан жасаған академик Т.Лысенконың 50 жасқа толған тойына шақырылған Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымының бетке шығатын тұлғалары – академик Кәрім Мыңбаев бастаған ғалымдар – Қылыш Бабаев, Сапар Нұғыманов, Хасен Наурызбаев, Федор Солодников бар еді. Бәрі қайғылы қазаға ұшырады.
Дін • 14 Маусым, 2024
Имандылық біліммен, ғылыммен толыққаны абзал
Меккеге жол «Мұсылманның бес парызының бірі – қажылық сапарына бару» дегенді бала кезден естіп өстік. Қажылыққа баратын мұсылман – ерекше: басқа төрт парызын да орындаған, жаны таза, ісі адал, білімі терең, ел алдында абыройлы және өмір көріп, ақыл тоқтатқан адам болуы керек деген сеніміміз берік болды. Содан да болар, жастайымыздан «Меккеге бару – адамға жүктер міндеті мол, кез келген жанның орындауы екіталай сапар» деген түсініктің қалыптасқаны. Ол сапарға барғандардың елге қадірлі болатынын, тек дін мәселесінде емес, ауылдағы үлкенді-кішілі шаруаларды шешуде де жұртшылық «қажы-еке» деп жүгініп, кеңесіне құлақ түріп, айтқан уәжіне тоқтайтынын көріп өсу сенімімізді одан әрі бекіте түскен. Және жүрек түбінде «барсам...» деген арманды ұялатқан.
Қоғам • 13 Маусым, 2024
Жақында Туризм және спорт министрлігінің Париж Олимпиадасына әзірлік жөніндегі штабы мәжіліс өткізіп, оған Олимпиада чепиондары мен ақпарат құралдары өкілдері, спорт ардагерлері қатысты. Жиынды ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов жүргізді.
Тұлға • 13 Маусым, 2024
Ол сөйлеп отыр. Ал мен оны үнсіз тыңдаудамын. Осылай сүт пісірілім уақыт өтті. Бір кезде әңгіме иесі екпіндете айтқан сөзін бәсеңдеткендей болды. Сөйтті де: «Бәрі есімде ғой аға, – деді. – Жаз айы. Тау етегіндегі ауыл. Өзен. Балық аулауға бару. Сонда ересек сіздер мені қармаққа ілетін шылаушын іздеттіріп, тыныш таптырмаушы едіңіздер».
Таным • 13 Маусым, 2024
«Түрік» қолданысын қайтаруымыз қажет
Ерте дәуірлерде, сонау VI-VІІІ ғасырларда-ақ мәңгі тастарға (бенгү таш) «Түрк» деп таңбаланған этнонимнің де, сондай-ақ тиісті этностың тілінің атауының да уақыт өте келе, ХІХ ғасырда екі түрлі қолданыла бастауының түп-төркінінде астарлы саяси себептердің жатқаны баршаға мәлім. Екі түрлі қолданыс ең алдымен түрік тілдерін бір тілдің диалектісі ретінде емес, жеке, дербес тіл ретінде қарастырудан өрбіді. Осылайша, «түркі тілдері» (тюркские языки) термині қолданысқа ене бастады.
Қоғам • 13 Маусым, 2024
Қазақ жастарының бойындағы ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Сөйлеу және жазу мәдениетін сақтаудың, жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – әр сөзді дұрыс айту мен тілдік нормаға сай қатесіз жазу.