Аймақтар • 14 Маусым, 2024

ШҚО-да үш жылдан бері судьяның орны бос тұр

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО Тарбағатай ауданында аудандық сотта үш жылдан бері судьяның орны бос тұр. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да үш жылдан бері судьяның орны бос тұр

Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев

Денис Шипп бүгінде еліміздің сот жүйесінде 350-ден астам бос жұмыс орны бар екенін атап өтті.

«Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетіндер жоқ», деді Жоғары сот кенесінің төрағасы.

Бүгінде сотта судья болуы үшін төмендегідей талаптар қойылады:

  • 30 жасқа толған;
  • Жоғары заң білім мен 5 жылдық жұмыс өтілі;
  • Біліктілік емтихан тапсырған;
  • Медициналық куәландырудан өткен.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті