Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19557 материал табылды

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Мәжіліс депутаты Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады

Бүгін Мәжіліс депутаты «Nur Otan» партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады.

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Үкіметте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов таныстырған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды. Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов заң жобасының ережелерін педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен талқылау туралы баяндады. Сондай-ақ Үкімет отырысында жоспарланған жаңалықтарды талқылауға шақырылған Ақмола облысы Никольск орта мектебінің педагогы Н. Құттыбаева сөз сөйледі. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Үкіметте 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде еліміздің 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, сондай-ақ 2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, 2020–2022 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

2020–2024 жылдары жан басына шаққанда IЖӨ $14,3 мыңға дейін ұлғаяды

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Тағайындау • 27 Тамыз, 2019

Әлтайыр Уызбаев Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Әлтайыр Құдайбергенұлы Уызбаев ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Президент • 27 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысының төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі xабарлады.  

Президент • 27 Тамыз, 2019

Президент: Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санына шыққан «Батыр қыздың биігі» атты мақаланы Twitter парақшасына бөлісіп, спортшы Әнел Сытдықоваға тілегін жеткізді. 

Спорт • 27 Тамыз, 2019

Апалы-сіңлілі Немичтер 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Александра және Екатерина Немичтер 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Қазақстан кеншілері Елбасына хат жолдады

Өз хатында кеншілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне кәсіби мерекемен құттықтауы және тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Арыс қаласында жеті сектор құрылыс жұмыстарын аяқтады

Құрылысшылар 7207 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оның 600-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.