Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19557 материал табылды

Руханият • 15 Тамыз, 2019

Дос

Біздің студент кезімізде заман қандай еді, шіркін! Көңіл кең, үміт көп. Ютубтың иісі де жоқ. Журналистің аузына жұрт қараған кез. Алма­ты­да шығатын төрт-ақ қазақ газеті бар: «Социалистік Қа­зақ­стан», «Лениншіл жас», «Қа­зақ әдебиеті», «Спорт»... Аз болғаннан кейін де қадір­лі. Қазақ мемлекеттік универ­си­тетінің журналистика факуль­те­тіндегілермен бала­ғын­да биті бардың біразы бірінші курстан-ақ газет редак­цияларын төңіректеп жүретін. Әрине, алды­мен баратыны жастардың сүйікті газеті «Лениншіл жас» қой. Кішкентай хабарымен аты көрінсе де қуанып жататын. Таралымы сол тұста үш жүз елу мыңның о жақ, бұ жағына баратын бұл басылымның таны­малдылығы бөлекше еді. Көлемді дүниені, үлкен мақа­ла­ны, очеркті, өлең топтамасын газетке шығарғандарды былай қойғанда, шағын кес­кін­деме, орта көлемді мақала жария­ла­ған­дардың аты-жөнін де әп-сәтте бүкіл республика біліп үлге­ретін. Солардың бірі біздің Шәкизада болды.

Қоғам • 15 Тамыз, 2019

Ұстаздар ұсынысын жеткізді

Газетіміздің кешегі санында «Тамыз кеңесінен не күтесіз?» деген тақырыпта жарияланған мақалаға орай, редакциямызға педагогтардан түрлі пікірлер мен ұсыныстар келіп түсуде. Соның бір легін жариялағанды жөн көрдік.  

Қоғам • 15 Тамыз, 2019

«Мінсіз ұрпақ» стратегиясы

Еліміздегі жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басты бағыты – жас ұрпақтың жарқын болашағы. Олардың мектеп қабырғасында алып жатқан тәрбиесі мен білімі – әрқашан қоғам назарында. Әрбір ересек адам мұның себеп-салдарын жақсы түсінеді. Елбасымыз: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық, яғни этнотәрбиеге баса көңіл аударуымызды меңзеп, бағытымызды белгілеп, мақсатымызды айқындап берді.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Сел қаупі сейілді

Алматының Наурызбай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы елді мекендері арқылы өтетін арнадағы судың тасқыны тұрғындарды біраз әуре-сарсаңға салып, дүрбелең туғызды. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі сел жүру қаупін бұдан бұрын анықтағандықтан, бұл аумақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, дереу эвакуациялық пункт­тер жасақталды.

Президент • 14 Тамыз, 2019

Қазақстан Президенті Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 14 Тамыз, 2019

Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы сөз болды

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор сатып алуларын өткізу тетіктерін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Арыс қаласында 6952 үй қалпына келтірілді

Негізгі қалпына келтіру жұмыстары Арыс тұрғын үй қорының 6952 нысанында аяқталды, бұл 6869 жеке үй және 83 көпқабатты үй. 1704 үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2019

2019 жылғы қаңтар-маусымда 404 916 жеңіл автомобиль тіркелген

2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында 404916 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға кеміді. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3687,6 мың бірлікті құрады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.