Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18957 материал табылды

Қазақстан • 29 Мамыр, 2019

АҚШ елшісін қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2019

Сенатта Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2019

БҰҰ-ның Бангкоктағы сессиясында Елбасы бастамаларының нәтижелері таныстырылды

2019 жылғы 27-28 мамырда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Бангкок қаласында өтіп жатқан БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) 75-сессиясының жұмысына қатысуда. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 28 Мамыр, 2019

Қазақстанда 821 колледж жұмыс істейді

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 28 Мамыр, 2019

Мұнай бағасы қалай өзгереді?

Өткен аптада мұнай баға­сы­ның біртіндеп төмендеуі жал­ғасқан болатын. Ха­лық­аралық қаржы орталығының са­рап­шысы Гайдар Гасановтың Forbes-те жарияланған пайы­мына сүйенсек, оған АҚШ-тағы мол мұнай қоры туралы жа­ңа дерек­тердің жариялануы әсер етті.

Сайлау • 28 Мамыр, 2019

Сайлаушылар тілегі ескеріледі

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында өтіп жатқан іс-шараларда азаматтар кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарына өз талап-тілектерін де жеткізіп жатыр. Президенттіктен үміткерлер әлеуметтің әл-ауқатын көтеруге қатысты мәселелердің бәрі назарда болатынын мәлімдеді.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді

Өңір басшысы кезекті жұмыс сапары барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Ауыл тұрғындары ашынғаннан айтады

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Кеңес ауылы байырғы елді мекеннің бірі еді. Кезіндегі шаруашылығы шалқыған Романовка кеңшарының бөлімшесі болатын. Кейіннен ауыл адамдары түрлі себептермен жан-жаққа қоныс аударып, көпшілігі Романовкаға көшіп алған. Астанадан 40 шақырым жердегі бұл ауыл қазір Рақымжан Қошқарбаев ауылы болып аталады. Кеңес пен Қошқарбаев ауылының жанынан Нұра өзені ағып жатыр.

Қазақстан • 26 Мамыр, 2019

Қазақстанда 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді

Қазақстанда 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру бойынша селекторлық кеңесте осылай мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт • 26 Мамыр, 2019

Аян Молдағалиев спорттық гимнастикадан әлем кубогінде бестікке енді

Хорватияның Озиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті. Аталған сында Қазақстан атынан Аян Молдағалиев пен Фарух Нәбиев өнер көрсетті деп жазады Olympic.kz.