Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Теріскей құрылыс алаңына айналады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасын» талқылаған отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов осылай деп мәлімдеді.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

100 жасаған жүрек

Кез келген адамның 100-ге толғаны үлкен оқиға. Ал ол толарсақтан саз кешіп, оқ пен оттың арасында Еуропаның қарлы, сызды, сазды даласында қар жамылып, мұз жастанған майдангер болса – ол енді дүниежүзілік болмаса да ТМД аумағында маңызы бар оқиға екені даусыз. Адам не деген төзімді жаратылған жан иесі еді. 

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Сөз құдіретімен қолдады

Солтүстік Қазақстан облысында онлайн режімде жүргізілген ақындар мүшәйрасы мәреге жетті. Оның тақырыбы аты жаман індетке қарсы күресіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің халық алдындағы өлшеусіз еңбегін дәріптеу.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Жеңіс рухы жалындай береді

Жеңіс күніне арнап «Абылай хан резиденциясы» музей кешені  онлайн экскурсиялар ұйымдастырды. Интернет арқылы барлық әлеуметтік желілерге шығып, онда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан солтүстікқазақстандық майдангерлер туралы мол мағлұматтар берілген. Қазір Солтүстік Қазақстанда көзі тірі 52 майдангер қалған екен, көрмеде олар туралы да деректер көрсетілген.  

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Жеңіске үлес қосқан жандарды құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының көзі тірі майдангерлерінің арасында Григорий Красильников те бар. Оның майдандағы жолы 7 мың шақырымнан артық. Соғыс жылдарында Татарстаннан әуелі Хабаровскідегі әскерге жіберілген ол жеңісті Польшаның Люблин қаласында қарсы алған.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Ардагерлердің ерліктері ұрпаққа үлгі

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 1941-1945 жылдардың оқ пен отын кешкен 52 адам ғана қалыпты. Соғысқа қатысқандардың ең жасы 93-ке келген. Белуардан от пен су кешіп, жауып тұрған оқтың астынан аман оралған және одан кейін 75 жыл өмір сүріп отырған бұлар бақытты жандар. Мемлекет тарапынан оларды қолдап, бәріне бір миллион теңгеден  жәрдемақы берілді.

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Биыл Солтүстік үлкен құрылыс алаңына айналады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасын» талқылаған отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов осылай деп мәлімдеді. Жалғыз бұл бағдарлама емес, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Ауыл ел бесігі» бағдарламаларының орындалуын қоса алғанда биыл 187 түрлі құрылыс жұмыстарын іске асыру көзделіп отыр. Облыстық бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау барысында бұл істерге 300 млрд теңге қаражат бөлінбек болып шешілген.

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Абылайдың ақ үйі – патриотизм ошағы

Петропавлда «Абылайдың ақ үйі» аталған тарихи үйдің қирап, сүрудің аз-ақ алдында қалған жерінен оның баға жетпес ескерткіш екенін дәлелдеп ақсақалдар мен журналистер аман алып қалған еді.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Өзіне өзі қол салмақ болған адам құтқарылды

Өткен жексенбі күні «Сұңқар 351» автопатруліндегі жас офицерлер Бауыржан Жаров пен Азат Зейноловқа Есіл өзеніндегі көпірде өзін өзі өлтірмек болған адамды көлікпен өтіп бара жатқан азаматтың ұстап тұрғаны жайлы хабарлама түседі.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Отан қорғаушы күніне арналған шара шарапатты болды

«Отан қорғаушы күнінің» қарсаңындағы мерекелік шарада Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің 50-ден астам қызметкері мен облыстың 8 тұрғыны ведомстволық наградалармен марапатталды.