Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында жағдай толық бақылауда
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың аймақтық коммуникация қызметінде берген брифингінің негізгі лейтмотиві осы болды, деп хабарлай Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Жол тәртібін бұзу қайғылы оқиғаларға соқтырады
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан полициясы облыстың жолдарында 20 мыңнан артық құқықбұзушылықтарды тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Салт атты полицияның көмегі зор
Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері Петропавлдың Заречный және Новопавловка кенттеріндегі 17 саяжай массивінде атты полиция тәртіп қадағалайды. Бұл автомобиль мен жаяулар жете алмайтын жолдары қысаң әрі кедергілері көп алаптар. Ал атты полиция ондай жерлерге жылдам жете алады. Саяжайшылардың өсірген өнімдері мен мүлкіне көз алартушылар жиі кездеседі. Тіпті бұзақылық жасап, олардың дүниемүліктерін қиратып кетушілер де көп. Салт атты полиция осындайлардың еркінсуіне жол бермейді.
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстанда екі ауданның әкімі ауысты
Пандемияға қарсы күресте кейбір аудандардағы жергілікті билік жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық таныта алмай отыр. Осы себепті болса керек, Президент Қ.Тоқаевтың жаман індеттен сақтану шараларын күшейтуді тапсырған міндетінен кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бірден екі ауданның әкімдерін ауыстырды. Осы аудандардың елді мекендеріндегі тұрғындар арасында індеттің бас көтеруі біршама жоғары болатын, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Тіркелмеген қару-жарақтан құтылған абзал
Қазақстан Республикасының заңы бойынша тіркеуге алынбаған, заңсыз аң аулап жүргенде тәркіленген, сонымен бірге азаматтардың өз еркімен тапсырған қару-жарақтары жойылады. Жуырда Солтүстік Қазақстан полициясы осындай 724 қарудың көзін жойды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Астана күні қарсаңында марапаттар алды
Бүгін "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова партияның орталық офисінде "Biz Birgemiz" акциясына белсенді қатысқандарға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан түрлі марапаттар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Нашақорларға қарсы күрес тоқтамайды
Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Басыбаев журналистерге брифинг беріп, өңірдегі нашақорлықтың ахуалы туралы баяндап берді. Оның айтуына қарағанда облыста тіркелген қылмыстың 2,1 пайызы есірткімен байланысты екен. 2020 жылдың 2 тоқсанынының қорытындысы бойынша облыста 636 адам есірткіқұмар ретінде есепке алынған. Соның ішінде 514 адам облыс орталығының тұрғындары. Осы жылдың басынан бері оларға 41 рет жедел жәрдем барып, есірткіні артық тұтынудың кесірінен ажал аузына жетіп қалғанда құтқарған.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Еліне ерен еңбек сіңірген тұлғаға арналған жиын
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастамасымен "Елбасы – тәуелсіздік тұғыры" деген тақырыпта онлайн конференция болып өтті.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық артқан
Солтүстік Қазақстан полициясы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30%-ға азайды деп ақпарат бергенімен бұл істе үлкен табыс жоқ. Бар болғаны былтыр осы кезеңде 16 қылмыс фактысы болса, биыл оның саны 11 болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 02 Шілде, 2020
Солтүстікте симптомсыз сырқат көбеюде
Өткен тәулікте елімізде 1406 адамның бойынан жаман індет табылған болса, соның 417-сі Солтүстік Қазақстан өңірінен болып отыр. Бұл өңір үшін өте алаңдатарлық жағдай. Өйткені бір кезде індеттің таралымы ең аз болып, індетті құрықтадық деген облыста қазір республикалық көрсеткіштің үштен бірге жуығы тиесілі.