Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер және идеологиялық жұмыстар жөніндегі әкімінің орынбасары болып Ғани Нығыметовтің тағайындалғанына жарты жылдың жүзі ауып бара жатыр. Дүниежүзілік дәрежеде танылған білім ошақтарында оқыған, Халықаралық ұйымдарда қызмет істеп, Ақордада Ішкі саясат бөлімінің басшысы болған білікті азаматтың облысқа келуі үлкен оқиға болды. Біз одан жарты жылда атқарған жұмысы жөнінде сұрадық.

– Облыс экономикасы қазір өрлеу үстінде. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмысты ұтымды ұйымдастыра біледі. 2018 жылы мемлекеттің кешенді дамыту бағдарламасы қолға алынғаннан бері көп жұмыс істелген. Қазір әрбір үшінші қазақстандық Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімін тұтынады. Жер көлемі республиканың төрт-ақ пайыздық үлесін алып жатқан облыс үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.
– Облыстың кадрлық әлеуеті қандай?
– Бұл сұрағыңызға негізінен өзім қадағалайтын салалардағы кадрлар туралы айтайын. Білімді де, білікті адамдар баршылық. Ондай адамдармен жұмыс істеу де оңай ғой. «Бәрін кадр шешеді» деген сөз ешқашан ескірмейді. Тек көптеген маманнан жайбасарлық байқалып тұрады. Өздігінен бастама жасап, ұсыныстар білдіру жағы кемшін. Ештеңе өзгерткісі келмейді, бәрі де бұрынғыша сылбырлықпен жүре бергенін қалайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы нақ идеологиялық қызметкерлерге арналған бағдар ғой. Бірақ соны жайбасарлықпен қабылдап, баяғы кеңестік идеологияның шырмауығында бағалайтындар көп. Мәселен, ондайлар «Тың игеру ерлері» деген сияқты маңызы біршама ескіре бастаған оқиғаларды әлі де идеологиялық жұмыстардың туы, патриоттық сезімдердің ұйтқысы еткісі келеді. Сол сияқты Кеңес Одағы кезінде еңбекте табысқа жеткендерді, тіпті компартияның функционерлерін асыра дәріптеу істері әлі қалмай келеді екен. Бірнеше жыл облыстық және қалалық компартияның басшысы болған В.Демиденконың, Т.Мұхамед-Рахимовтың және т.б. атына облыс орталығында көше атаулары берілгені соның айғағы. Ал Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын насихаттау жағы кемшін. Дүниежүзілік ареналарда көрініп, жеңіске жетіп жүрген Димаш Құдайберген, Самал Ісләмова және т.б. есімдері аталып, жасөспірімдерді олардың табысымен қанаттандыру, патриоттық сезімдерді ояту сияқты шаралар жағы мардымсыз. Ал Қазақстанның жарқын болашағы үшін күрескен, құрбан болған Алаш қозғалысының қайраткерлері, Кеңес Одағының алғашқы жылдарында ұлттық мүдде үшін алысқан ерлер ауызға да алынбайды. Мағжан Жұмабаевтан басқа бірде-бір Алаш қайраткерінің атына Қызылжарда көше аты берілмеген. Кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында ұлттық мүдде үшін алысқан, жап-жас болып Голощекиннің өзіне қарсы шығып, оны үнемі тұқыртып отырған қайсар жерлесіміз Смағұл Сәдуақасовқа да осы күнге дейін облыс орталығында көше аты берілмеген.
– Дұрыс айтасыз, жергілікті билік тарапынан идеологиялық жұмыстарға осындай баға бере алатын басшыға біз көптен зәру едік. Енді көп нәрсе өзгерер деген үміттеміз. Қазіргі уақытта нақты қандай шаруалар қолға алынды?
– Бәрін бірден қолға алып, бір мезгілде өзгертіп тастау қиын. Бізге жергілікті халықтың менталитетімен де санасып, еппен жұмыс істеу керек. Жаман ойлы кейбіреулер біздің әрекеттерімізді қасақана теріс түсіндіріп, әлеуметтік бұлқыныс туып кетуі мүмкін. Ономастика мен топонимика туралы заңда елді мекен, көшелер мен жер атауларын өзгерткенде халықтың пікірін біліп, олардың шешімін тұрғындардың жиналысында қабылдау керек деген талап бар. Кешегі Кеңес өкіметінің тұсында ең түкпірдегі қазақ ауылдарына да Кировтың, Куйбышевтің, Ворошиловтың есімдері берілді. Бұларды қазақтар негізінен білмейтін де еді, ал елді мекен атауларына берілгендіктен оларды өзіміздің ерлеріміз деп білетін болды. Сөйтіп, мемлекет ономастиканы өзінің мүддесіне пайдаланды. Ономастика мемлекеттік мәселе, сондықтан заңдағы халықты жинап, пікірлерін білу деген талапты алып тастау керек деп санаймын. Әрине, біз халықтың пікірін ескере отырып, оны жалпымемлекеттік мүддемен үйлестіруіміз керек. Бірақ жиындар жасау біздің қазақстандық патриотизм, елжандылық бағытындағы идеологиялық жұмыстарымызды белсенді жүргізуге кедергі келтіріп тұр.
Біз әзірге ономастикалық жұмыстарды төменнен бастап отырмыз. Облыс халқының 40 пайыздан артығы ауылдық елді мекендерде тұрады. Ал олардағы барлық атаулар идеологиялық тұрғыдан ескірген. Төңкерісті қолдап, жазықсыз адамдардың қанын төккен большевик көсемдерінің атында көшелер ғана емес, ауыл-селолардың да атаулары самсап тұр.
– Осы бағытта қандай нақты шаруалар атқарылып жатыр?
– Осы күнге дейін 2 ауылдық округтің, 1 ауылдың, 227 көшенің атын өзгерту туралы шешімдер жергілікті халықпен келісілуде. Біз алдымен идеологиялық тұрғыдан ескі атауларды, сонымен бірге мүлде атауы жоқ, сосын болашағы бар ауылдардағы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мекендердегі көше атауларын өзгертеміз. Мәселен, Айыртау ауданындағы Кирилловка ауылындағы Ленин көшесі Абайға, Лобаново ауылындағы Ворошилов көшесі Еркін Әуелбековке, Карл Маркс – Сәбит Мұқановқа, Советская – Мұхтар Әуезовке, Красная – Шоқан Уәлихановқа, Урицкий – Ақан Серіге және т.б. ауыстырылады. Осы ауданның Имантау, Арықбалық, Сырымбет, Володар, Антонов ауылдық округтеріндегі Буденный, Совет, Калинин, Пролетар, С.Разин, Киров, Куйбышев, Совхоз және т.б көше атаулары Достық, Жұмағали Саин, Бәйкен Әшімов, Шалқар және т.б. атауларға өзгертіледі. Ақжар ауданындағы Талшық ауылдық округіндегі Пролетар көшесі Кеңес Қажымұратовтың атына берілді. Бұл аудан Смағұл Сәдуақасовтың туған жері. Болашақта осы ауданның атын да Смағұлдың атына ауыстырармыз деген үмітіміз бар. Өзгерістер барлық ауданда да бар. Жоғарыда айтылғандай, жаңа атау алатын көшелердің саны – 227. Жаңа атаулардың ішінде халқымыздың арда ұлдары мен қыздары Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың, Қаныш Сәтбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Евгений Брусиловскийдің, Герольд Бельгердің және т.б. есімдері де бар.
– Өте дұрыс болған екен. Ал енді Петропавл қаласының көше атауларын ауыстыруға қашан кірісесіздер?
– Бұл мәселеге біз үлкен дайындық жұмыстарын жүргізіп, кірісеміз. Жергілікті халықпен түсіндіру жұмысы арқылы бірлесе шешіледі. Бұл жерде дау-дамай шығармай, халықпен ақылдасып, ақсақалдарды, жастарды тыңдап шешімдер қабылданатын болады. Осыған дейін Ленин, Свердлов, Киров және т.б большевиктік көсемдердің аттары берілген көше атаулары өзгертілген екен, енді сол үрдісті әрі қарай жалғастырамыз. Қызылжарға қатысы бар Алаш ардақтыларының, атақты жерлестеріміз Е.Шәймерденовтің, М.Мұқановтың, К.Салықовтың есімдері жақын болашақта қала көшелеріне сән берер деген үміттеміз. Әрине, бізге керекті ең басты мәселе – қоғамның бірлігі. Алға қойылған негізгі мақсат осы. Мемлекеттің идеологиясындағы негізгі ұстанымы сол. Халқымыздың толеранттық сана-сезімін қалыптастыруға қызмет етуіміз керек. Сонымен бірге ұлттық бірегейлігімізді сақтауға тікелей қатысы бар ономастикалық жұмыстарды бақылаумен жүргізіп жатырмыз.
Солтүстік өңірге сипаты тән барлық идеологиялық мәселелер шешімін табады. Оған уақыт және төзім керек, жергілікті демографиялық ахуалдың да түзелгені керек. Ал экономикалық даму жағынан бізде жақсы өзгерістер болып жатыр. Саяси және экономика бағыттарын бірге жүргізуді қолға алдық десек болады. Оған жергілікті зиялы қауым өкілдерінің көзі жетіп отыр деп ойлаймын.
– Әңгімеңізге рахмет.
Процессуалдық әрекеттерді созып жүрген ЖОО-лар жауапқа тартыла ма?
Білім • Бүгін, 15:10
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығының құрылысы қашан басталады?
Бизнес • Бүгін, 14:55
Білім • Бүгін, 14:47
Төлеби ауданында оқушылар үйі салынады
Білім • Бүгін, 14:45
Жетісу «жасыл аймаққа» қайта оралды
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Гүлшара Әбдіхалықова облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін түсіндірді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Ұқсас жаңалықтар