Медицина • Бүгін, 09:39

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды - министрлік

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 шілде күні «Қазақстан халқына» қоры елімізде онкологиялық науқастарға берілетін тегін дәрінің 15-тен 6-ға дейін қысқаруына байланысты мәселе көтерген еді. Денсаулық сақтау министрлігі қордың сынына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды - министрлік

Фото: smartmedicina.ru

Министрлік аталған дертке шалдыққандардың ешбірі қажетті емсіз қалмайтынын мәлімдеді.

«Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы. Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді», делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ал пациенттер қажетті кеңес пен дәрі-дәрмекке өтініш, оның сапасына қатысты ой-пікірін  8 (7172) 570 950 номері арқылы жеткізе алады.