Қоғам • 25 Сәуір, 2020
Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады
Жыл басынан бері Петропавл қаласында 88 интернет-алаяқтық тіркелген. Осының өзі көрші мемлекеттегі алаяқтар белсенділігінің артқанын көрсетеді дейді солтүстікқазақстандық полицейлер.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
2 600-ден астам қылмыстық іс электрондық форматта жүргізілді
Солтүстік Қазақстан полицейлері қылмыстық істерді электронды форматта жүгізуді қалыпты тәжірибеге енгізіп келеді. Электронды іс жүргізудің ерекшеліктерінің бірі – бұлтартпау шарасын онлайн режімде сотпен санкциялау мүмкіндігі.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Кезінде көп сатылмайтын, көк сырлы «Урал» велосипедіне қол жеткізіп, оны қысқа күнде қырық рет сүртіп, сылап-сипап жүретін ауыл балалары сол шақта өздерін ең бақытты жандарға балайтын еді. Ал егер оны ұрлатып алса... Бұл да бала үшін ең ауыр трагедия болатын.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2020
Есіл суының биіктігі 98 см-ге дейін түскен
Бұған дейін Есілдің Солтүстік Қазақстандағы биылғы тасуының барысы туралы жазған болатынбыз. Қар көп болғанымен оның қауіптілігі биыл күрделі болған жоқ. Сергеев су қоймасындағы ең жоғарғы биіктік 195 см болды. 2017 жылы ол 322 см жеткен болатын. Бұған биылғы қардың күрт ерімей, қатып ерігендігінің пайдасы зор болды. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың алдын ала дайындалып, Есілдің сағаларындағы судың қалыпты көтерілуі үшін түрлі шаралар жасағандығы үлкен септігін тигізді. Қазір Есіл суының мұндағы биіктігі 98 см-ге дейін түскен.
Руханият • 23 Сәуір, 2020
Тұтқындар тағдыры толық ашылмады
ІІ Дүниежүзілік соғыстың үлкен трагедиясының бірі – әскери тұтқындар тағдыры. Кеңес өкіметі әскери тұтқындар туралы 1907 жылғы Гаага конвенциясын мойындамағандықтан және Женева конвенциясына мүше болып енбегендіктен Вермахтқа қолға түскен біздің әскери тұтқындарды қорғайтын ешқандай халықаралық құжат болмаған. Осының өзі немістердің дерегі бойынша тұтқынға түскен 5 млн 270 мың адамның тағдырын ойыншық қылды деген сөз.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2020
Стационардағы науқастар барлық талаптарға сай ем-домдар қабылдауда. Олармен қатынасу қатаң бақылауға алынған. Жуырда өкпені жасанды жолмен тазалайтын жетілдірілген бес аппарат жеткізілді. Қазір өңірде осындай 10 аппарат бар.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
СҚО: Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары 1 миллион 300 мың теңге пара алған
Кеше СҚО Шал ақын ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Б.Шәниев 1 млн 300 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Облыстық полиция департаментінің берген ақпаратында параның кімнен және не үшін алынғаны айтылмайды. Тек күдіктінің жедел түрде жұмыстан шығарылғаны ғана жеткізілген.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Карантинде де арақ сатуын қоймаған
Жұрттың бәрі індеттен сақтанып үйінде отырса Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бір тұрғыны ауласына 14 жәшік арақ түсіріп жатқан кезінде полиция инспекторы ұстаған. 35 жастағы тұрғын ащы суды өзіне белгісіз адамнан сатып алғанын айтқан.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Құрғақ кезең өрт қаупін арттырады
Қазір Солтүстікте қар кетіп, жауын басталмай тұрған құрғақ кезең. Бұл уақыт өртсөндірушілер үшін өте алаңдайтын шақ. Өйткені, тұрғындар үй маңындағы құрғаған қау мен қоқыстарын өртесе, шаруа адамдары егіс даласын былтырғы сабаннан тазартып, өрт қойып жатады. Ондай өрттер желдің күшімен егіс аумағынан шығып, кейде жақын маңдағы ормандарды, зираттарды немесе жеке адамдардың мүлкін де өртеп кетіп жатады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Атыс қаруын заңсыз сақтағандар анықталды
СҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 15 атыс қаруын алды. От қаруды қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алу шаралары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тұрақты бақылауында.