Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023
Қазіргі эпидемиологиялық маусымда тұмауратқандар санының өсімі өткен маусыммен салыстырғанда 1,5 есе артық делінген. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65 пайыз болған. Биылғы алғашқы науқас 14 қазанда тіркелген.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында қыс әлі қытымыр мінез көрсеткен жоқ. Ең көп дегенде 22-24 градустық суық қатарынан бірнеше күн буғанымен, артынша қалыпты жағдайға түсті. Соңғы аптада ауаның температурасы тіпті 5-6 градусқа жоғарылады.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Уәлиханов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, еліміздің Павлодар, Ақмола және Ресейдің Омбы облысымен шектесетін жер көлемі ірі аудандарының бірі.
Медицина • 04 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы – Петропавлдағы байырғы емдеу мекемелерінің бірі. Жыл сайын 11 мыңға жуық балаға стационарлық көмек көрсететін аурухананың 11 бөлімшесі бар. Жылына түрлі науқасқа 2,5 мыңдай операция жасалады. Әрине, біліктілігі жоғары мамандар жетіспесе де көптеген науқас бала біршама ем алған соң Астана мен Алматының білікті дәрігерлерінің қарауына жіберіледі.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
«Астана-Петропавл» трассасында бір күнде үш жол-көлік оқиғасы болды
Ауа райының боран-шашынды болуының салдарынан 3 қаңтар күні «Астана-Петропавл» трассасында үш бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022
Соттар да сыбайлас жемқорлыққа ұрынған ба?
Қараша айында «Egemen Qazaqstan» газетіне «Солқылдақ сот әділетті Қазақстанға қалай қызмет етеді» деген бір беттік көлемді мақаламыз шықты. Қысқаша ғана мазмұнын еске түсірер болсақ, мақалада Мұқаш Қабдіров деген азаматтың саяси қуғын-сүргіннің зардап шегушісі болып сот арқылы танылғаны, облыстық прокуратура оны ақтағаны айтылған. Енді қуғын-сүргіннің зардап шегушісі ретінде оның тұрғын үй талап еткені (өйткені тұрғын-үй жағдайын жақсартуды сұрап 2010 жылдан бері кезекте тұр), бірақ Петропавл қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының комиссиясы сол үйді бергенде оның отбасы мүшелерінің саны 5 адам екенін, өзінің үшінші топ мүгедегі екендігін ескермей төртінші қабаттан бір-ақ бөлмелі үйді жекешелендіру құқығынсыз бергені, ал Қабдіров жеделсатысы жоқ үй болған соң мүгедектігіне байланысты төменгі қабаттан үш бөлмелі үйді заңға сәйкес жекешелендіру құқымен беруді екі жылдан бері талап етіп, соттасып жүргені туралы жазылған. Судьялардың алдымен бір шешім шығарып, бірақ орындаушылық қағаз бермей артынан өздерінің шешімінен тайқып, басқа шешім қабылдап, адамды әбден әуре-сарсаңға салғандығы, сол себепті құқығын таптап жүргені айтылған. Осы оқиғаға қайта оралуға тура келіп отыр.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2022
Желтоқсан көтерілісі – қазақ халқының жазылмас жарасының бірі. Оның дүмпуі жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа күшпен жанданып, халық жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2022
Солтүстік Қазақстан облысына жақында тағайындалған әкім Айдарбек Сапаров жылды қорытындылайтын, Тәуелсіздік пен Жаңа жыл мерекесін қарсы алатын қысылтаяң кезеңге қарамай уақыт тауып, ақсақалдарға сәлем беріп, олардың алдында кішілік танытты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2022
Петропавл қаласында өнерде дарынды балаларға арналған мектептің ашылғанына 25 жыл толды. Оған күміс көмей әнші, КСРО халық әртісі, жерлесіміз Ермек Серкебаевтың есімі берілген.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022
Солтүстікқазақстандықтар Аяған Шәжімбаев есімін мақтан тұтады. Ол өңірімізден шыққан жалғыз кинорежиссер және қандай режиссер... Көп атақтар алып, көп құрметке жетпесе де өзінің 42 жылдық ғұмырында ол бүкіл Қазақстанға ерекше еңбектерімен танылып, даңққа бөленген жан.