Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1489 материал табылды

Білім • 13 Қыркүйек, 2022

Қос диплом беретін бағдарлама

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті АҚШ-тың Аризона университетінің басқаруына беріледі. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде дүние жүзінің айтулы университеттерінің филиалдарын ашу туралы берген тапсырмасының аясында іске асырылмақ.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Біздің жақта қыс ұзақ...

Егер Қазақстанның оңтүстігінде 2-3 ай ғана қыс болып, жылыту маусымы да осы мерзімге ғана созылса, еліміздің солтүстігінде бұл 7 айға созылады. Соның ішінде ең суық өңір – Солтүстік Қазақстанда оның ұзақтығы сегіз айға дейін барады. Әрине, қысы қытымыр, ауасы суық болғаннан кейін бұл жердің халқының өмір сүру шығындары да көбірек. Үстінен тастамай киетін болғандықтан олар қысқы жылы киімдерін жиі ауыстыруға мәжбүр. Жылу, ыстық су шығындары да жоғары. Жекеменшік үйде тұратындар үйдің көлеміне қарай 10 тоннаға дейін көмір, 7-8 текше метр отын сатып алуға мәжбүр. Аязды күндерге шыдау үшін азық-түлікті де жылы жаққа қарағанда көбірек тұтынады. Ауыл адамдары малын қыстан шығаруға да оңтүстікке қарағанда әлдеқайда көп шығынданады. Осының бәрін ескеріп Кеңес өкіметі еңбекақыға 15 пайыздық үстеме төлейтін...

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Аршалыға көгілдір отын келді

Аудандағы кейбір тұрғын үйлер «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосылды. Шынтуайтында, қысы қат­ты өңір үшін жағымды жаңа­лық. Қазір бұл жұмыс ке­зең-кезеңімен атқарылуда.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Теріскей жұрты да аянып қалған жоқ

«Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан» құдайы көршілерімізге келген нәубатқа қарсы тұруда қызылжарлықтар аянып қалған жоқ. Amanat партиясы, қалалық, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен 14 гуманитарлық пункт ұйымдастырылды. Оларда барлығы 40 тоннадан артық гуманитарлық көмек жиналып, Әулиекөл ауданына аттандырылды.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Қызылжар аянып қалған жоқ

«Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан» құдайы көршілерімізге келген нәубетке қарсы тұруда қызылжарлықтар аянып қалған жоқ. Amanat партиясы, қалалық, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен 14 гуманитарлық пункт ұйымдастырылды. Оларда барлығы 40 тоннадан артық гуманитарлық көмек жиналып, Әулиекөл ауданына аттандырылды.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Жезкиік біздің жаққа қайдан келді?

«Жан едім мен де сертшіл далада өскен, Сен дағы қарамадың жолды кестің...» деп ақын Кәкімбек Салықов өзінің атақты «Жезкиік» өлеңінде айтқандай киік, елік деген жануарлар жолаушының алдынан кесе көлденең өтіп, жолын кесуге құштар. Тіпті жолаушыны алыс­та, көз ұшында көрсе де шауып келіп, жолын кесуге тырысады.

Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2022

Нағыз ғалым болатын адам еді...

Біздің заманымыздың идеал адамы деп өз ісінің хас шеберін, елдік істерге қолынан келгенше белсенді түрде араласа білген және адамгершіліктің ақ туын ешқашан жықпаған зипа мінезді, мәдениетті, интеллектуал адамды айтар едік. Замандастар арасында ондай адамдар қазір өте сирек кездеседі. Өзіміз көрген сондай адам, марқұм Қайролла Мұқанов ағамыз еді.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Ахаң атындағы мектеп есігін айқара ашты

Биыл Қызылжар қаласындағы №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген болатын. Ұлт ұстазының есімін алған оқу орны оның 150 жылдық мерейтойына өзінің тұсаукесерін өткізді.  

Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022

Ұлт ұстазын ұлықтаған жиын

Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнал­ған кеш болып өтті. Оның жұмысына кітапхана қызметкерлері­мен қатар облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының басшысы, полковник Абылғазы Ғабдуллин бастаған жеке құрамның белсенділері, М.Қозыбаев атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, ардагерлер ұйымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022

Даласы қазыналы Қызылжар: Төрт түлік өсірушілердің слеті табысты өтті

Ауыл шаруашылығының ірі саласының бірі – мал өсірушілердің дәстүрге айналған слеті биыл Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Чапай ауылында өтті. DALASY QAZYNALY QYZYLJAR деген атау алған слетттің Қызылжар өңірін таңдауы тегін емес. Слетке қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Солтүстік Қазақстан облысының мал өсіру бойынша еліміздің алдында келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтты.