Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Оқиға • 08 Желтоқсан, 2020

Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйел құтқарылды

Петропавл ПБ Екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары "Жұмысшы кентіндегі" көпірден өтіп бара жатады. Сол кезде көпір қанатының арғы бетіне шығып, астында өтіп бара жатқан поездың астына секіргелі тұрған әйелді көріп қалады. Машинадан түсе салған жігіттер оны құтқаруға ұмтылады. Полицейлерге өтіп бара жатқан қалалық азамат көмекке келеді, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

25 жылқыны қолды қылған адам ұсталды

СҚО Айыртау ауданы Қаратал ауылының тұрғыны қараша айының соңында тебінде жүрген 25 жылқысынан көз жазып қалады.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Петропавл полициясы дүкеннен арақ ұрлаған тұрғынды ұстады

Петропавлдың полициясына Кошуков көшесіндегі азық-түлік дүкендерінің бірінен белгісіз жас жігіттің үш шиша арақ пен басқа да заттар салынған екі пакетті ашық түрде ұрлағаны туралы дабыл түскен. Ол қарапайым сатып алушы болып дүкенге кіріп, екі пакет зат алған. Ал сатушы келесі тауарды алу үшін бөлменің түкпіріне кеткенде, пакетін алып, белгісіз жаққа қаша жөнелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Жол ережесін бұзушылар адам өміріне қауіпті

Петропавл қаласының көптеген жүргізушілерінде жол тәртібін сақтау мәдениетінің төмен екенін бұрын да жазған болатынбыз. Патрульдік полиция қаптап жүргенімен жүргізушілер олардан ыға қоймайды. Қырық шақырымдық жылдамдықпен-ақ көп болса жарты сағатта ұзыннан қиып өтуге болатын шағын қалада кем дегенде 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргісі келетін есерлер көп. Ондайлар әсіресе басқа қаланың нөмірін таққан машиналарды алдына түсіргісікелмейді. Қайтсе де одан озып кетуге тырысып, жол апатының жағдайларын да туғызып жатады. Баланың намысқойлығы сияқты сондай қылықтарды көргеніңде сананың төмендігін сезесің. Сана төмен болған соң мәдениет те болмайды ғой.  

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2020

Алаяқ жиһаз сатпақ болғанды 1,3 млн теңгеге алдап кеткен

Петропавлдың 25 жастағы әйел тұрғыны интернет арқылы жиһаз сатуға хабарландыру берген. Көп кешікпей «алушы» хабарласып, әдемі сөйлеп, «ақша аудару үшін» қыздың жеке деректерін сұрайды. Біршама уақыттан кейін Ватсап арқылы «алушы» қайта хабарласып, бұл картаға ақша аудару мүмкін болмағанын, сондықтан басқа бір карта болса айтуды өтінген. Өйткені, оның картасында ұрлайтын ақша болмаған болуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Қосалқы бөлшектерді ұрлағандар қолға түсті

СҚО Тайынша ауданы полиция бөлімінің қырағы қызметкерлері Чкалов селосының маңындағы алқапта тұрған күдікті көлікті байқаған. Көлікті тексеру кезінде оның жүргізушісі мен екі жолаушысы қашып құтылмақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2020

Қару ұстауға бақылау күшті

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарында 13598 қару тіркелген. Полицейлер осы арсенал иелерін тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады. Бұл қарулы қылмыстың алдын алу шараларының бірі.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

СҚО-да түн тыныштығын бұзатындар азаймай отыр

Түнгі тыныштықты бұзу көбінесе жалға берілетін пәтерлерде орын алады. Қараша айының соңында түнгі сағат 01.30-да келіп түскен шақыру бойынша полицейлер Әуезов көшесінің бойындағы жалға берілетін пәтерге келген. Онда орта жастағы бес петропавлдық кездесулерін атап өтіп жатқан. Осыған ұқсас жағдай бір-екі күн бұрын орын алған, төрт жас жігіт К.Сүтішев көшесіндегі жалға берілетін пәтерде спирттік ішімдікпен отырыс өткізу үшін бас қосқан. Түнгі сағат 3-те шақыру келіп түскен...

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Солтүстік Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы жазғанбыз. Жақын күндердің бірінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов астанадағы  ОКҚ –да журналистерге брифинг беріп, экономикалық дамудағы табыстар туралы өз аузымен толықтырып айтатын болады.  Ал біздің бүгінгі айтпағымыз өңірдегі мәдени саладағы жетістіктер. Жаман індеттің өршуіне қарамай облыстағы мәдени табыстар да айтарлықтай болып отыр. Бұл салада да перспективалы жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Солтүстікте мемлекеттік қызмет көрсетудің пайдасы артып отыр

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жақсарып келеді" деген сөзді жиі естігенімізбен, оның дамыған шетелдердің деңгейіне жетуі әлі де кешеуілдеп жатқанын өмірде көзімізбен көріп жүрміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 1 қыркүйектегі Жолдауында "Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек", деген еді. Сонымен қатар электронды қызмет көрсету барысында халыққа жеңілдік жасау үшін биометрияның қолданылуын арттыру да айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz