Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Бизнес • 16 Қараша, 2020

Теріскейдегі толайым табыс

Еліміздің терістігі биыл жаман індет тежеу болғанына қарамастан, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда экономиканың даму өсімін сақтап қалды. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19,9 пайыз, тұрғын-үйлерді пайдалануға беру 12,5 пайыз, құрылыс 10,4, өнеркәсіп 5,5, ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі 3 пайызға артып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің 10 айдың қорытындысын қараған отырысында айтылды.

Оқиға • 16 Қараша, 2020

Сенімді басқару мектепке өзгеріс әкелді

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылында Кеңес Одағы жылдарында неміс тұрғындар өте көп болып еді. Бәрі де еңбекқор әрі мәдениетті халық ауыл көшелері мен үйлерін қыздың жинаған жүгіндей құлпыртып қоятын.

Аймақтар • 15 Қараша, 2020

Жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады

Аяғына оқ атып алған 16 жастағы жасөспірім СҚО облыстық балалар ауруханасына жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 15 Қараша, 2020

Петропавлда автобус жол апатына себепкер болды

13 қараша күні сағат 13.40-та №7 бағыттағы "MAN 202" маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі екінші беттегі жолаққа шығып, қарсы келе жатқан №4 маршруттағы "Shaolin" маркалы автобусқа апаттық жағдай туғызған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 15 Қараша, 2020

Діни материалдар таратушы жауапкершілікке тартылды

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни материалдарды заңсыз тарату фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 13 Қараша, 2020

СҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жүргізуде

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам интернет-алаяқтық орын алып, тұрғындар ақшаларынан қағылды. Осындай жағдайды тоқтату үшін СҚО полицейлері қала бойынша үш сағаттық акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Ювеналдық полицейлердің жұмысы жандануда

СҚО полицейлері кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын каникул кезінде  жандандыра түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Жөндеуге қойылған автомашинаны ұрлап кеткен

Петропавлдың полициясына 64 жастағы қала тұрғыны қайрылып, өзінің техникалық қызмет көрсету стансасына (ТҚС) жөндеуге қойылған «Honda CRV» автокөлігін біреудің айдап кеткені туралы шағым түсірген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 12 Қараша, 2020

Қазақ тілін оқыту – өзекті мәселе

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мен «Білім сала­сын­дағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар» орталығының ұйымдастыруымен Қызылжар қаласында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» атты І халықаралық форум болып өтті.

Қоғам • 12 Қараша, 2020

Қоныс аударушыларға – жайлы үйлер

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданы – өңірдегі ежелгі аудандардың бірі. Ол бұрынғы Ленин және Мәскеу аудандарының бірігуінен құрылған. Мұнда қазір 23,5 мыңдай адам тұрады. Соның ішінде экономикалық белсенді топқа жататындар саны 13 мыңдай. Жыл басынан бері жұмыспен 1400 адамды қамту жоспарланса, бүгінгі таңға дейін соның 1200-і жұмыспен қамтылған. Ауданда жұмыспен қамту клубы да жұмыс істейді. Онда жұмысқа орналасу бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Осындай көмектің арқасында жыл басынан бері 15 адам жұмысқа тұрыпты. Сонымен бірге мұнда бос жұмыс орындарына жәрмеңке де ұйымдастырылады. Биыл онда 90 жұмыс орны ұсынылған.