Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Жасөспірімдерді каникул уақытында бақылау күшейеді

Петропавлда күзгі каникул басталғаннан бері полицейлер сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жүрген 7 жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Аулада жатқан темір заттар ұрланған

Петропавл 63 жастағы тұрғыны Комсомол көшесіндегі үйінің ауласынан тұрмысқа қажетті баспалдақ, қол арба, ет сүрлеуге арналған құрылғы, 3 метрлік 5 құбырдың сияқты металл заттарының ұрланғанын айтып, полицияға жүгінген. Келтірілген шығын шамамен 98 мың теңгені құрады.

Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Арақ ішіп алып автобус жүргізген

Петропавлдың патрульдік полициясы 7 қарашаға қараған түні Әуезов көшесінен Чайковскийге бұрылған "Dongfeng" автобусының жүргізушісі сау емес екенін байқап қалады. Рөлде 1981 жылы туған автопарк жүргізушісі болған. Тоқтатқан кезде одан алкогольдің иісі аңқып тұрған. Медициналық куәландыру орташа деңгейдегі масаюды көрсетті.

Аймақтар • 07 Қараша, 2020

Дуадан құтқарамын деп 150 мың теңгесін қағып кеткен

Петропавл қаласында тұратын бір бойжеткен интернет алаяқтың құрбаны болды. «Басыңды дуадан арашалаймын, жолыңды ашамын» деген Фатима есімді балгерге ол бір ай бойы ақша аударып тұрған. Аударған ақшасының құны 150 мыңға жетіп, бойында ешқандай өзгеріс болмаған қыз полицияға қайырылуға мәжбүр болады. Бұл уақытта Фатима да ізін суытып, телефонға жауап бермейтін болған екен.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны көмек алды

Екі жыл бойы қатігез күйеуінен зәбір көрген жас келіншек полициядан араша сұрап, зорлықшыл күйеуінен құтылды. Бұл жайлы әйелдің анасы СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына жазған алғыс хатында айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Учаскелік инспекторлар жаңа қызметтік көліктер алды

Жаңа көлік Петропавл қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Ұрланған көлік өрттенген

Петропавл қаласының 41 жастағы бір тұрғыны таңертең өзінің Уәлиханов көшесіндегі үйінің маңында тұрған «ВАЗ-21070» автокөлігі қолды болғанын көріп, полицияға хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Шектеу шаралары енгізіледі

Солтүстік Қазақстандағы эпидемиялық ахуал тұрақсыз болып отыр. Жергілікті билік бұған дейін де бірқатар шектеу шараларын жүргізгенімен жағдай оңалмады. Облысқа Ресейден жиі келетін жолаушылардың жаман індетті әкелу үдерісі жалғасып отыр. Ол бүгінгі таңда барлық дертті адамдардың 40 пайызына жуығын қамтыған.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Ащы су енді қауіпті қарақшы атандырды

Айыртау ауданының Шалқар ауылында таныс дүкеншіден қарызға арақ алмақ болып келген 50 жасар адам  бетін қайтарған сатушы әйелді төбесінен бір ұрып, арағын алып қашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

СҚО тұрғыны 680 грамм марихуанамен ұсталды

СҚО Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші қызметіне Киров ауылының санитарлық бекетінде Mercedes автомашинасы тоқтатылғанда онда өсімдік тектес кептірілген зат салынған пакет бары анықталғаны жеткізілген. Мұның есірткілік зат екенін сезген бекеттегі қызметкерлер полиция бөліміне хабарлаған екен. Көлік жүргізуші Киров ауылының 50 жастағы тұрғыны пакетке салынған жабайы қарасораны тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.