Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Солтүстікқазақстандықтар белсенді

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге арналған брифингте праймериз басталған алғашқы 4 күнде солтүстікқазақстандық 400-ден астам адам оған қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Көші-қон 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Жыл басынан бері СҚО-ның Көші-қон қызметі ғана азаматтарға 68617 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл халықтың мемлекеттік қызметке жүгінуі жылдан жалға арта түскенін көрсетеді. Соның ішінде қызметтердің басым бөлігі электронды түрде жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Мал бағудың жаңа ережелері

«Жайылымдар туралы» Заң күшіне енгеннен бері биыл СҚО-да соның негізінде қолдағы малды бағудың жаңа ережелері өз күшіне енді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

"Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қылмысты ашты

Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылаумен қатар түрлі қылмыстарды әшкерелеуде де белсенділік танытады. Биылғы орақ науқанында да полиция қыраығылық танытуды көздеп, "Астық-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыруға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Иесінен көлігін тартып әкеткен және дүкен тонаған қарақшылар ұсталды

СҚО-ның Жамбыл ауданындағы «Новорыбинка» мен «Кладбинка» селоларының арасында қанды болмаса да өрескел қылмыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Жол апатынан үш жасар сәби қайтыс болды

СҚО-да жуырда адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Петропавлда күн сайын қоғамдық тәртіпті бақылауға 270 полицей мен әскери қызметшілер шығады

Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күн сайын 270 полиция қызметкері шығады, олардың 151-і - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, ал 119-ы полиция қызметкерлері. Ағымдағы жылдың 7 айында облыс бойынша полицияның кешенді күштері 2300-ден астам, оның ішінде 1417-і облыс орталығындағы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Теріскейде телеайтыс мәресіне жетті

Қызылжарда үш айға созылып, жаман індеттің кезінде халықтың рухын көтеріп, өнермен сусындатқан «Қызылжар аламаны» телевизиялық айтысы өзінің мәресіне жетті. Қазақтың айтыс өнерін ұзақ жылдар бойы өрге сүйреп келе жатқан ақтаңгер ақын, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік еткен айтыста Есіл ауданының жас ақыны Абзал Жұмабек бас жүлдені жеңіп алды. Онымен ақтық сайысқа шыққан Жұмабек Рахымовқа  бірінші жүлде бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Облыс бюджетінің 30 пайыздық шығыны білімге жұмсалуда

Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардың алдына "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қалыптастыру міндетін қойғаны белгілі. Қазір халықтың сұранымына "кері байланыс" механизмі  орнатылуда. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттардың алдында есеп берді. "Коронавирус пандемиясы бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Күнделікті өмірге үлкен өзгерістер әкелді. Барлық салалардың дамуына әсерін тигізді. Әсіресе, қызмет көрсету бизнесі зардап шекті. Мемлекет қиын-қыстау кезеңде тұрғындар мен бизнеске барынша қолдау көрсетті. Экономиканы тұрақтандыру, адамдарды еңбекпен қамту және табысын өсіруге ерекше көңіл бөлінуде", деп бастады өзінің сөзін әкім.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген 61 жастағы жүргізуші ұсталды

Петропавл қаласында жолда апаттық жағдай туғызған 61 жастағы мас жүргізуші ұсталды. Оны жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешкі рейд жүргізу кезінде Набережная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. Volkswagen Passat автокөлігімен жолда апаттық жағдай туғызған. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі аңқып тұрғаны анықталды. Дәрігердің қорытындысы бойынша оның масаң екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.