Спорт • 17 Маусым, 2022
«Голден Стэйт Уорриорз» НБА чемпионы атанды
«Голден Стэйт Уорриорз» баскетбол командасы 8 жыл ішінде төртінші рет Ұлттық баскетбол қауымдастығының чемпионы атанды. Финалда ол Бостон Селтиксті 4:2 есебімен талқандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Маусым, 2022
Жайық өзенін тазартатын коммуналдық кәсіпорын құру ұсынылды
Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Жайық өзенін тазарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәлімдеп, ол үшін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорын құру талап етілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Маусым, 2022
Каспий жағалауынан 220 итбалық өлексесі табылды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Каспий теңізінде итбалықтардың нақты неден қырылғанын анықтау мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Маусым, 2022
Елордалық дәрігерлерге 1 млн теңгеден табысталды
16 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жастар» сарайында медицина қызметкерлері күніне орай ақхалатты абзал жандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Маусым, 2022
Қазақстанда жаңа Су кодексі қабылданады
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов парламенттік тыңдауда жақын арада жаңа Су кодексі енгізілетінін жариялады. Оның айтуынша, құжат су ресурстарын сақтауға және оларды тиімді пайдалануға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Маусым, 2022
Қоқыс үйінділері спутник арқылы табылып жатыр
2018 жылдан бастап еліміздің 39 елді мекеніне, соның ішінде Алматы қаласына да ғарыш мониторингі жүргізіліп келеді. Ғарыштық мониторинг қала бойынша қоқыс қалдықтары жиналатын орындарды анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2022
Алматылықтарды 2 млн долларға алдаған алаяқтар ұсталды
ҚР ҚМА-ның Алматы бойынша департаменті мен қала прокуратурасы TheFinik қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2022
Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылады
Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін қатыстыратын Қоғамдық палата құрылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Маусым, 2022
Қиындықтың бәрін ынтымақтың арқасында еңсеріп келеміз - Президент
Біз қиындықтың бәрін ынтымақтың арқасында еңсеріп келеміз. Болашақта да осы жолдан таймауымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Маусым, 2022
Президент жастарды бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға шақырды
Қазақстан Пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қазақ жастарын адал еңбек арқылы бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.