Саясат • 20 Қазан, 2022
Депутаттық сауал: тозған құбыр, «қорғансыз» қорғаныс өнеркәсібі туралы
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Саясат • 20 Қазан, 2022
Тиянақты бюджет – тұрақты даму тұтқасы
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бюджеттен 2023-2025 жылдарға арналған қаражатты бөлу туралы бірқатар құжат мақұлданды. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау мәселесі де қаралды.
Қазақстан • 19 Қазан, 2022
Күрең берет кигендер шеберлігі
Таяуда Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесі 22 күрең берет иегерімен толықты. 2022 жылғы 15 қазан күні Алматы облысының Жетіген кентінде Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесі әскери қызметшілерінің күрең берет кию мәртебесіне арналған біліктілік сынағы аяқталды.
Үкімет • 17 Қазан, 2022
Кеше Мәжілісте Қазақстандағы жол құрылысы мен жөндеу саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Осы тақырыпта өткен Үкімет сағатына орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, «Қазақстан темір жолы», «ҚазАвтоЖол» ұлттық компанияларының басшылары, сондай-ақ Жол активтері сапасы ұлттық орталығының, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан автожолшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Экономика • 17 Қазан, 2022
Нобель сыйлығы кімдерге бұйырды?
Швед корольдік академиясы биыл экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын төрт бірдей ғалымға табыстауды ұйғарған. Нобель комитетінің хабарлауынша, мәртебелі сыйлықтың иегерлері – Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филип Дибвиг. Үш америкалық ғалымға бұл сыйлық қаржылық дағдарыс пен банктерді зерттеген еңбегі үшін беріліп отыр.
Әлем • 17 Қазан, 2022
Ресей мен Орталық Азия елдері терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға және есірткі тасымалына қарсы тұрмақ. Бұл туралы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары қатысқан «Орталық Азия-Ресей» саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде айтылған.
Әлем • 17 Қазан, 2022
Тоқаев шекара дауын бейбіт шешуге шақырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Орталық Азия елдерін шешілмеген делимитацияға байланысты шекара дауын тек бейбіт жолмен шешуге шақырды. Өйткені кездейсоқ қақтығыстар өңірдегі ахуалға теріс әсер етеді.
Әлем • 17 Қазан, 2022
Астанада тұңғыш рет «Орталық Азия-Ресей» форматында аймақтық ынтымақтастық пен ортақ мүддені ілгерілету мәселелері кең көлемде талқыланды. Қазақстан астанасында жұма күні өткен жиынға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан президенттері келді.
Әлем • 16 Қазан, 2022
Еуропадағы энергетика тапшылығы: Жағымды һәм жағымсыз тұсы
Украинадағы қақтығыс әлемдегі геосаяси ахуалды шиеленістіріп қана қойған жоқ. Сонымен бірге энергетикаға қатысты көзқарасты да түбегейлі өзгертті. Әсіресе, Ресейдің газы мен мұнайына тәуелді Еуропа елдері үшін тағдыршешті кезең келіп тұр. Бір жағынан, қазба отындардың құны қымбаттап, дефицит туындауы экологияға, соның ішінде орманды алқаптарға шығын келтіреді. Екінші жағынан, бұл қарт құрлықтағы мемлекеттердің жасыл энергетикаға көшуін жеделдетпек.
Әлем • 14 Қазан, 2022
OPEC елдері биылғы мұнай өндірісін тағы да қысқартпақ. Осылайша, аталған ұйымға мүше мемлекеттер бір жылда төртінші рет шығарылатын қара алтын көлемін азайтуға келісті. Мұның себебі ретінде ОПЕК елдері экономикалық өсімнің баяулауын, Қытайдағы коронавирустық шектеу шараларының күшеюін және инфляцияның жоғарылауын алға тартып отыр.