Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Саясат • 02 Маусым, 2022

Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен кездесті. Шетелдік дипломат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы ретінде екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келді.

Қазақстан • 01 Маусым, 2022

Жаңа бағытқа бет алатын сәт

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Жастар және референдум» оқыту семинары өтті. Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі талқыланды.

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Заманауи саяси-құқықтық өлшем

«Астана» халықаралық университетінің ZER Club сарапшылар клу­бы «Референдум 2022: қазіргі заманғы саяси-құқықтық өлшем және жаңа Қазақстанды құру» атты дөңгелек үстел өт­кізді.

Референдум • 30 Мамыр, 2022

Референдумға шетелдік 272 байқаушы қатысады

Еліміздегі басты саяси оқиғаға дайындақ барысы қызу жүріп жатыр. Осыған байланысты жер-жерде референдум мәселесі пысықталып, халқымыз маңызды кезеңге тастүйін әзір отыр.

Референдум • 30 Мамыр, 2022

Саяси жүйені құру жолдары талқыланды

Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Әлем • 29 Мамыр, 2022

Украина: 682 бала зардап шеккен

Украинадағы жағдай бүкіл әлемге қиынға соғып отыр. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, қақтығыс салдарынан жүз мыңдаған адам аш қалуы мүмкін. Ал шептегі жағдай айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Ресей тарапы Донбастағы бірнеше елді мекенді басып алғанын мәлімдеді. Бірақ Украина жағы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қоғам • 27 Мамыр, 2022

Мектеп бітіргендерге сертификат берілді

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы ұйымдастырған медиамектептің алғашқы кезеңі аяқталып, тұңғыш түлектерге сертификат табысталды. Салтанатты рәсімге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай қатысты.

Әлем • 27 Мамыр, 2022

Орталық Еуропаны алаңдатқан көлік мәселесі

Еуропалық одақ «Жасыл келісім» жобасын ұсынғалы бері ортақ мәмілеге келу қиын болып тұр. Бұған дейін газ бен атом энергиясын «жасыл» санатына енгізу мәселесі біразға дейін Брюссельдегі шенеуніктердің басын ауыртқан еді. Енді электр тоғымен жүретін көліктер Орталық Еуропадағы бірнеше мемлекетті қиын жағдайға түсірмек.

Үкімет • 27 Мамыр, 2022

Халықтың табысын арттыру – стратегиялық міндет

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заң жобаларын қабылдап, халықтың табысын арттыруға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында атқарылатын жұмыс барысымен танысты.

Әлем • 26 Мамыр, 2022

Қаза тапқандар көп

Донбаста қиян-кескі ұрыс­ жүріп жатыр. Ресей әскері бір­тіндеп алға жылжып, кейбір елді мекенді басып алды. Украина қарулы күштері сарбаз­дар қоршауда қалып қоймас үшін бірнеше селоны өз еркімен тастап кеткенін мәлімдеді.