Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Әлем • 12 Тамыз, 2021

«Талибан» тықсырып барады

«Талибан» қозға­лысы Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының әкімшілік орталығы – Талукан қаласын басып алғанын мәлімдеді.

Әлем • 12 Тамыз, 2021

Неміс теміржолшылары ереуілге шықты

Неміс теміржолшылары сейсенбі­ге қараған түні бүкілхалықтық ереуіл­ге шықты. Бұл туралы GDL кәсіп­одағының басшысы мәлімдеді. Кәсіп­одақ мүшелерінің 95 пайызы бұл қадамды қолдаған. Осыған байланысты жолаушылардың жүріп-тұруына кедергі келуі мүмкін. Теміржол қызметі мұны да ескеріп отыр.

Әлем • 12 Тамыз, 2021

Қытай караокені бақыламақ

Қытай ұлттық бірлікке қауіп төн­діреді деген желеумен «заңсыз маз­мұны бар» караоке әндеріне ты­йым сал­мақ. Осылайша, Бейжің билігі елдегі 50 мыңға жуық ойын-сауық орнын бақылап, аумақтық тұтастыққа, діни сая­сатқа қауіп төндіретін әндерді шектемек. Оның орнына мәтінінде Ком­мунистік партияның ұстанымына қарсы келмейтін әндер қойылуға тиіс.

Әлем • 11 Тамыз, 2021

Даудың басы – балық

Норвегия мен Еуропалық одақтың арасынан «қара мысық» жүгіріп өтті. Даудың басы бұл жолы балықтан шығып отыр. Скандинавиялықтар қарт құрлық кемелерінің Арктикадағы Свалбард архипелагы маңынан нәлімді көп мөлшерде аулауы­на наразы.  

Сұхбат • 11 Тамыз, 2021

Тило КЛИННЕР: «Қазақстан – Германияның аймақтағы ең маңызды серіктесі»

Германия Федеративтік Республикасы – Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас барлық салада дамып келеді. Өзара тиімді байланыстардың тарихи тамыры тереңде: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мыңдаған неміс отбасы Қазақстаннан пана тапты.

Әлем • 10 Тамыз, 2021

Бірлескен мәлімдеме қабылданды

Орталық Азия мем­ле­кеттері басшылары Кон­суль­­тативтік кез­десуінің қо­ры­­­тын­дысы бойынша Бір­лескен мәлімдеме қабылданды.

Әлем • 10 Тамыз, 2021

Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы

Орталық Азия ел­дері­нің президенттері Түрік­­­менстанда өт­кен Ор­та­лық Азия мемле­кет­тері бас­шы­ларының Консультативтік кездесуі­нің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеде Ауған­станда азаматтық бейбітшілікке тезірек қол жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.

Экономика • 21 Шілде, 2021

Дидье КАНЕСС: Қазақстан – экономикалық мәселелер бойынша аймақтағы басты серіктесіміз

Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылы алғашқылардың бірі болып таныған ел – Франция. Содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас ұдайы дамып келеді. Қазіргі таңда Франция – Еуропадағы стратегиялық әріптестеріміздің бірі. Осыған орай  Францияның Қазақстандағы Тұрақты және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен тілдескен едік.

Әлем • 21 Шілде, 2021

«Үштік» Еуропалық одаққа кіруден үмітті

Өткен дүйсенбіде Грузия, Молдова және Украина президенттері Еуропа­лық Кеңестің президенті Чарльз Мишельмен кез­десіп, Еуропалық одаққа кіру мәселесін талқылады.

Әлем • 18 Шілде, 2021

Климаттың өзгеруі: Еуропа ұсынған елеулі шаралар

Таяуда Еуропалық комиссия климаттың өзгеруіне қарсы тұру мақсатында қабылданатын шаралардың жаңа легін жариялады. Қазіргі таңда бұл бастама қарт құрлықта қызу талқыланып жатыр.