• 02 Наурыз, 2018
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласы мекемелерінің қызмет көрсету сапасына сын айтушылар көбейгені жасырын емес. Соның бірі дәрігерлердің ауырып алдына келген адамды бірінен-біріне сілтеп, сандалтуына қатысты. Қазір қай емханаға барсаңыз да топырлаған адамды көресіз. Статистикалық деректер бұл саладағы көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанын айтады. Ендеше кезектің азаймауының себебі неде?
• 22 Ақпан, 2018
Даму үшін әділдік ауадай қажет
Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.
• 13 Ақпан, 2018
Билік ісінде береке болса, елге құт келеді
Қайткенде елдің жағдайы жақсара бермек? Халықтың биліктің қызметіне көңілі қашан толады? Ол үшін не істеу керек? Ал халыққа керегі елде тәртіптің болғаны, жұмыстың жүргені, шенеуніктердің талапқа сай өз міндеттерін атқаруы, адам құқықтарының заңға сай қорғалуы.
• 07 Ақпан, 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықпен күрес және заң үстемдігіне ерекше тоқталды.
• 31 Қаңтар, 2018
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»
Абай атамыз кезінде «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген сөз» деп жазған еді.
• 24 Қаңтар, 2018
Жемқорлықпен күрес жемісін береді
Еліміздің қай саласында болмасын қолға алынған бірқатар тың бастамалар өз нәтижесін беретін кезеңге жетті. Әсіресе құқық қорғау саласында көптеген игі өзгерістер мен нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіледі деп күтілуде.
• 17 Қаңтар, 2018
Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін беруде. Қолға алынған зор міндеттердің негізгі мәні – Қазақстанның жан-жақты дамуы, көркеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. Заманның дидары ө+згеруіне орай, мемлекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.
• 05 Қаңтар, 2018
Электронды құжаттар құны артты
«Қолхат», «сенімхат» секілді құжаттар жұрттың бәріне таныс шығар. Оның бәрі қолмен жазылатындығы және белгілі. Бірақ бүгінде цифрлы технологияларды кеңінен пайдалану арқасында сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Елбасы Жолдауында айтылғандай, үшінші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу деген сөз.
• 22 Желтоқсан, 2017
2017 жылда атқарылған іс аз болмады. Мемлекеттің қай саласын алсаңыз да, олардың табыстан- табысқа жету жолында аянбай тер төккені байқалды.
• 12 Желтоқсан, 2017
Несін жасырайық, қазір республикалық тас жолдар бойында, қалаларда ірі жол-көлік апаттары белең алып барады. Кіші де, үлкен де темір көлік құрсауында опат болып жатыр. Әрине, сарапшылар жол жүрісі кезінде кездесетін мұндай жол апаттарының себептерін жою мүмкін емес дейді.