• 03 Тамыз, 2017
Халыққа қажет құқықтық ақпарат
Бүгінгі ақпараттық қоғамда халықтың құқық жүйесіндегі заңнамалық ахуалмен құлақтанып отыруы аса қажет. Қазір дүкенге кіріп азық-түлік алғаннан бастап, баспанаңды ресімдеу, қызметке орналасу сияқты әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекеттің бәрінде адам өз құқын анық біліп, жаңа заңдық нормалармен таныс болмаса ертеңгі күні опық жеуі ықтимал.
• 27 Шілде, 2017
Кезінде Уинстон Черчилльдің айтқан: «Біреуге жасағаның өзіңе қайтып келеді» деген нақыл сөзін көпшілік жақсы білетіні анық. Мұны ол ойынан шығарып айтпағаны және мәлім. Өз басынан өткен оқиғадан өмірлік қағида түйгені дейміз.
• 18 Шілде, 2017
Сыбайластық сырқат емес, індет
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан табылуын басты меже етіп белгілегені баршаға аян. Соған сәйкес, елімізде көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Дүние жүзінің назарын аударған небір халықаралық шаралар өткізілуде. Олардың бәрін тізбелемесек те, бір ғана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айтудың өзі-ақ үлкен мақтаныш екені рас. Алайда, осындай игі істерді атқаруда етектен тартатын кемшіліктер де кездеседі.
• 04 Шілде, 2017
Ел тыныштығы елордадан басталады
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен Ішкі істер министрін қабылдап, онда 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді. Бәрімізге мәлім, Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шара- лардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.
• 29 Маусым, 2017
Абай атамыз: «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ», дейді. Расында, осы күні не адамдығы, не арлылығы жоқ бос мақтан қуғандар арамызда көбейіп бара жатқан жоқ па?
• 20 Маусым, 2017
Міне, арайлы Астанамыздың адамзаттың озық ойлы жетістігі мен әлемнің бейбітшілік қақпасына айналғанының нақты куәсі болатын күнге де жеттік. Дүниенің әр түкпірінен астанамызды көруді аңсаған шетелдіктер ағылып келіп жатыр. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыздың өрісін кеңейтті.
• 31 Мамыр, 2017
Тарихи ескерткіштер шаһары бой көтерсе
Сонау келмеске кеткен Кеңес Одағы кезінде сол кеңістіктегі адамдардың шет елге баруы бір үлкен жаңалық болатын. Онда да әрісі социалистік қоғамға беті бұрылған елдерге ғана сапарлау жүзеге асырылатын. Барған елдерінің өзіндік ерекшеліктерін көрген қазақстандықтар аузын ашып, көзін жұматын.
• 26 Мамыр, 2017
Басты құндылық – рухани тазалық
«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.
• 19 Мамыр, 2017
Қос азаматтық алғанның құқы қорғалмайды
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, бір елдің ғана, яғни Қазақстанның азаматымыз. Біздің ұғымымызда қос елдің азаматы болу деген түсінік мүлде жоқ және болмауы тиіс. Бірақ біз солай ойласақ та, екі елдің азаматтығын алған, яғни қос азаматтығы бар адамдар қатарымызда жүруі әбден мүмкін көрінеді. Тіпті, солай жүруге әрекет жасайтындары да бар екен.
• 02 Мамыр, 2017
Күйзеліс – күй кетіретін дерт
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», дейді халық тәмсілі. Алайда, бұл жерде біз сіз ойлағандай аштық туралы айтқалы отырған жоқпыз. Әңгіме басқа. Әңгіме осы нақылдың мағынасында.