Саясат • 25 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың талаптарға сәйкестігі анықталды
Кеше Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады.
Саясат • 25 Сәуір, 2019
Сайлау заң талаптарына сай жүргізіледі
Қазіргі күні елімізде Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау науқаны қызу жүргізілуде. Президенттікке кандидаттарды тіркеу, олардың лингвистикалық комиссияда мемлекеттік тілді еркін біле алатындығы жөнінде емтихан тапсыру т.б. басталып кетті. Соған орай «Сайлау туралы» заң талаптары да қатаң сақталуы тиіс. Бұл орайда әр кандидатқа заңға сай тең құқылық берілсе, сайлаушылардың да құқығы еш бұзылмауы керек.
Сұхбат • 25 Сәуір, 2019
Сайлау барысы халықаралық назарда
Үстіміздегі жылдың 9 маусымына Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бекітілді. Осыған орай қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясында өзіне тән тиісті жұмыстар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Ал кез келген мұндай сайлауды бақылайтын халықаралық байқау институттары сайлау науқаны мөлдірлігі негізгінің бірі болып табылады. Соған сай бұл сайлауға тек біздің еліміз ғана емес, әлем назарын тігіп отыр. Ендеше осы сайлаудың қазіргі барысы туралы білу үшін біз Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З. Баймолдинаға жолыққан едік.
Саясат • 24 Сәуір, 2019
Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасының Президентігіне ұсынылған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясында тіркеу және олардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде лингвистикалық комиссияда емтихан тапсыру үрдісі қызу жүргізілуде.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Bar ómirin adam quqyǵy úshin kúreske arnaǵan Nelson Mandela: «Eger siz bir adammen ol túsinetin tilde sóılesseńiz, onyń oıymen bólisesiz. Al eger siz onyń tilinde sóılesseńiz, onda júregine jol tabasyz» depti. Bul ómirlik tájirıbeden alynǵan aqıqat. Biraq bul jalǵyz tilge ǵana qatysty oı emes. Onyń máni áldeqaıda tereńde jatqany ómir qaıshylyǵyn kórsetedi. Jáne mundaı jaǵdaıda ár adam jalpyǵa tán tilmen emes, naqty nátıje shyǵar izgilikti ispen júrekke jol salsa eken deıdi.
Президент • 24 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде емтихан тапсырды
Кеше Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Бірінші болып Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2019
Лингвистикалық комиссия бас қосты
Кеше Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2019
Сайлау учаскелерінде барлық жағдай жасалады
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскелерінде жағдайларды қамтамасыз ету туралы отырыс болып өтті. Отырысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жүргізді.
Президент • 22 Сәуір, 2019
Кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды
Жұма күні Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар мемлекеттік тілді еркін әрі жетік меңгеруі тиіс деген мәселе мен Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеудің кейбір мәселелері қоса қаралатынын атап өтті.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Алқа билер қарымы қайткенде алымды болады?
Халық алқа билер институты өмірге енгенде үлкен өзгерісті күтті. Алғашқыда ол өзгеріс болғандығын да жасырмаймыз. Содан бері 12 жылдан астам уақыт өтті. Енді бүгінде әділдік іздеген жұрт алқа билердің қатысуымен өтетін сотқа жаппай жүгінеді деп айта аламыз ба? Жалпы сапа артып, олар қарайтын істер саны көбейді ме?