• 07 Желтоқсан, 2017
Көзделген меже көңілден шықса игі
Ата-бабамыздың тәуелсіз де қуатты елге айналсақ деген армандары кезінде орындалмас қиялдай көрінсе де, бүгінде ол ұмтылыстың біртіндеп іс жүзіне асқандығының нақты куәсі болып отырмыз. Елдің бай-қуатты болуы сол елдің әр азаматының мақтанышы екені сөзсіз. Бұл орайда, ең алдымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы көзделген межелер көңілге сенім ұялатары баршаға аян.
• 24 Қараша, 2017
Жат қылықтармен құндылықтар арқылы күрескен жөн
Ауылда туып өскен, сонда отбасын құрған адамдардың қайда жүрсе де туған жер туралы сағынышты әңгімелері таусылмайды. «Ауылым – алтын бесігім» демекші, қазақ ауылдарының оң тәрбие берудегі орны, адамды бала кезден асыл адамгершілік қасиеттермен әлдилеп, адал, әділ, мейірімді етіп қалыптастырудағы ерекшелігі ештеңемен өлшенбейтіні де рас.
• 17 Қараша, 2017
Зардабын қателіктің тартқан білер
Кез келген адам шешімі күрделеніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қоймайды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі.
• 14 Қараша, 2017
Жемқорлықпен күресте озық тәсілдерді орнықтырсақ
Бұл өмірде не жаман? Бұл сұраққа талай адам бас қатырып, тура жауабын көп іздеген. Сөйтіп ол жауаптардың бәрін қорытындылай келгенде, ақыры бұл өмірдегі ең жаман нәрсе біреудің нәпақасын жеу екендігі айқындалыпты. Неге десеңіз, біреудің нәпақасын жеу адам етіне ауыз салғаннан да жаман көрінеді. Ал біздің елімізде өзгелердің нәпақасын, несібесін сыбайласып жеп жатқандар қаншама.
• 31 Қазан, 2017
Заңдарымыз ізгілікке жол ашады
Азаматтық істерді талапқа сай жүргізуді ізгілендіру жалғасуда. Сол арқылы заңдарымыз жетілдіріліп, азаматтық, қылмыстық істі қарау барысы оңтайландырыла түспек. Сөйтіп кез келген істің құрамында қылмыс фактілерінің бар-жоғы анықталады. Мұның бәрі күткендегідей жүзеге асып жатса, кез келген адамның құқы ойдағыдай қорғалады деген сөз.
• 17 Қазан, 2017
Бәріміз де мына өміріміз, тіршілік етіп отырған ортамыз жақсы болса екен деп тілейміз. Соған сай қызмет етуге тырысамыз. Алайда қоғамымызда кейбір азаматтарымыздың абайсызда алаяқтарға арбалып, қылмыскерлер қолына түсіп қалатынын, сауда-саттықта, көлік, пәтер алған кезде, т.б. тұрмыстық жағдайларда, жұмыс барысында алданып, сан соғып жататынын естіп-білгенде әрі-сәрі күй кешесің...
• 12 Қазан, 2017
Алқабилер сотының артықшылығы көп
Қудалау органдары тексерісінің кемшілігін анықтауда сот органдарының атқаратын қызметі зор.
• 14 Қыркүйек, 2017
Қоршаған ортаға қамқорлық қажет
Жасыратыны жоқ, бүгінде қайбіреулер айтатындай, «Бәріне табиғат кінәлі!» деген бір тіркес пайда болды. Төрт түліктің бірі өлсе де, ең далада алаңсыз жорытып жүрген киік қырылса да, Каспийдегі итбалықтар да, өзен-көлдердегі балықтар да, тіпті қар мол түссе де, сосын елді мекендерді су алса да, дауыл тұрса да, әйтеуір, бәріне табиғат кінәлі болып шығады.
• 24 Тамыз, 2017
Талай мәрте айтылған істің нәтижесі шықпайтындығына налығандар «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген тіркесті тілге тиек етіп, анда-санда бір күрсініп қоятыны рас.
• 16 Тамыз, 2017
Ел болған соң адамдар арасында дау-дамай да орын алып жатады. Мұндай келеңсіз жағдайлардың өршімеуі үшін айыпты дегендерді ұстап, қамау амалдарымен тосқауыл қою жеткіліксіз болатыны белгілі. Оның бәрінің ақ, қарасын анықтап, дұрысты – дұрыс, бұрысты – бұрыс деуде ақиқат пен ашықтық қажет. Сонда ғана қылмыстық істі ізгілендіру қағидаты айқындалады. Бұл Елбасының тапсырмасына сай, қылмыстық процесті жаңғырту болып табылады.