Қоғам • 18 Сәуір, 2019
Жалдамалы кейіпкер – арзан рейтинг, анайы хабар, төгілген абырой
Әлемді көз алдымызға айнадай тосып отырған телеэкранның алдында кім отырмайды дейсіз. Санасы солқылдақ жас та, салиқалы сөз күткен салмақты тыңдарман да, әрбір айтылған сөздің астарын іздеген кінәратшыл көрермен де, көргенін сол күйінде қабылдайтын аңғал жандар да, майдан қыл суырғандай сұңғылалар да, әр нәрседен пайда іздеген пиғылы бөлек адамдар да отыр.
Сұхбат • 12 Сәуір, 2019
Мұрат Жұрынов: Әділетсіздіктің үлкені – әрбір маманға өзіне лайық қызметін бермеу
Кезінде КСРО Ғылым академиясының президенті, академик А.П.Александров: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр» деп үлкен баға бергенін көпке дейін малданып келдік. Одан бері дүние түбегейлі өзгерді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ғылымды тоқыратпауға талпындық. Осы жылдар бедерінде де оны дамытуға аз қаражат салынған жоқ. Ғылымды экономикамен, өндіріспен ұштастыруға ұмтылып бақтық. Ғылым күні қарсаңында Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат ЖҰРЫНОВПЕН әңгімелескен едік. Әлбетте, ғалымдардың тыныс-тіршілігі, кеше ғана ҰҒА құзырында болған 45 ғылыми-зерттеу институтының бүгінгі ахуалы, мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін ғылымның дипломатиялық рөлі сынды сауалдарды соңғы уақытта елімізде болып жатқан үлкен өзгерістер кейінгі сұхбатқа ысырды. Сондықтан да әңгіме ел шежіресінде орын алып жатқан тарихи оқиғалардан бастау алды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шығып, бақытын басқадан тауып отырған қарагөздер туралы сөз қозғалса, көпшіліктің пікірі ұдайы екіге жарылады. Аралас некеге жеке адамдардың тағдыры деп қарау керек пе, әлде бұл жаһандануға жұтылып бара жатқан халықтардың трагедиясы ма?