Руханият • 31 Мамыр, 2023
Мәшһүр-Жүсіптің тағылымды мұрасы
Бұл, әрине, қазақ руханияты үшін жаңалық қана емес, жетістік болуы да мүмкін. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларының жаңа бес томдық таңдамалысын «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, ұлт жанашыры Нұркен Асановтың бастамасымен құрастырып, баспаға дайындап берген Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми мамандары. Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні орайында өткелі тұрған 5 томдық тұсаукесері – патша өкіметі тұсында да, кеңес өкіметі тұсында да діни тұрғыдан мансұқталған Мәшекеңнің рухы алдындағы ұрпағының тағзымы, тәубеге келуі дер едік.
Жануарлар • 18 Мамыр, 2023
Арқа жайлы болмай тұр киіктерге...
Ақ киіктерді алғаш көруім. Пойызбен өтіп бара жатып көзден таса болғанша аңдап үлгердім. Киіктер жалтаң-жалтаң етіп жайылады екен. Басын оңды-солды шұлғығанда, ауада жеңіл қалқып жүргендей сүйкімді көрінеді. Наурыздың 21-і күні Қарағанды облысындағы Дария мен Бұрма ауылын басып өтетін теміржол бойында жалтаң-жалтаң етіп жайылып жүрді. Ішінде мүйізді текесі бар. Мұндай сұлу жаратылысты көрсемші! Жер алашабыр, бір жерде бар, бір жерде қар жоқ. Сонда жайылып жүрген киіктерді көріп қуанған жүрегім, өткенде Жаңаарқаның жазығында шашылып қалған бөкендердің өлексесін көріп күл-парша болды.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2023
Қазір көрермен қауым Астанадағы Ұлттық музейдің аузы-мұрнынан шығып тұр. Мұнда атақты суретші, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұлдың «Көктемгі самғау» атты көрмесі өтіп жатыр. Мамырдың басында суретші артынып-тартынып Алматыдан Астанаға жеткізген 140 картинасына көз суарып жүргендер де аз емес. Біз де сол қатардан табылып, көркем туындыларды көзбен «жұтып» қайтпақ едік, алайда ұлт пен жұрттың болмысы мен тұрмысынан сыр шерткен бояулар бізді «жұтып қойған» сыңайлы.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
Қазақ даласына қаншама жылдан бері биыл соқты Отамалы. Қазақ баласы ұмытуға айналған Отамалы оңдырмайды деуші еді, бұл жолы да жетістірмеді. Отамалыны өлтірген бес күн соққан борандай бүріп келді. Жалаңаштанған жер бүрісті, жермен бірге ел бүрісті. Енді түспестей еріп жоғалған қар бір-ақ күнде қаланың аузы-мұрнын бітеп тастады. Қалада мұндай болғанда, далада мал баққан елдің жайы не болды екен дестік. Аттың беліне қарап қалған бұрынғы заман емес, десек те, төрт түлік енді төлдеп жатқанда оңай тимегені анық қой. Жаңа туған жас төл былай тұрсын, Қостанай мен Торғайдың арасында көліктер тұралап жатқанын әлеуметтік желіден көрдік. Біз Тобық Жармағамбетовтің «Отамалысын» парақтадық.
Өнер • 02 Сәуір, 2023
Бүгінде дүниедегі жанды, жансыз құбылыстың бәрі ғылымның зерттеу нысанына айналды. Жарықтың жылдамдығы, балықтың қараңғыда сәуле шашатыны, судың есте сақтау қабілеті, су тұрмақ фотондардың өзі бұрынғы құрылымын (не болғанын) есте тұтып қалады екен.
Мереке • 22 Наурыз, 2023
Егемендікке барар жолдың іргетасын қалаған еркіндік аңсары, дәстүрдің жаңғыруы – Наурыз мерекесі мен Наурызнама қазақ даласында әнмен басталады. «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» деп атақты жәрмеңкенің өзін әнмен ашқан қазақ жер дүниені жаңартып жыл келіп жатқанда аспандатып әнге баспай қалсын ба? Мінген ат, жүгірткен тазы, салған қыран құсын былай қойғанда, «Қымыз құйғышы», қойшысына дейін түгендеп, рет-ретімен тұрмыс-тіршілігіне етене кез келген құбылысты әнге қосқан өнер иелері жыл басы деп жар салғанда қандай?!
Мереке • 20 Наурыз, 2023
Басқаны қайдам, бізге көктем жаңа жылдың келуімен, Наурыз тойымен сипатталады. «Ескіше наурыз 13-інен 14-іне қарағанда туады» дегенді бұрын үлкендерден жиі естісек те, мән бермеппіз. Күн мен түн теңеліп, жылдың келетін уақыты осы 13-і екенін өткенде ақын Светқали Нұржан facebook парақшасында жазды. Оқыған бойда наурыздың 17-сі күні арнайы тексерсек, расымен күн түннен 10 минутқа озып, жарық жеңіп кетіпті. Көпшілігіміз аталған датаны Амал мерекесі, Көрісу күні деп танып келгенімізді неге жасырайық?
Әдебиет • 12 Наурыз, 2023
Күйдің бір қасиеті аңыз шақырып тұратынында, бәлкім аңыздың өзі күй тілеп тұра ма екен? Анығы, қазақтың өмірі аңызға бергісіз, күй тіліндей көңіл баурағыштығында шығар. Көңіл күй деп айта ма әйтпесе? «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген атақты сөзді өткенде басқаша түсіндірген жазбаға кездестік.
Поэзия • 06 Наурыз, 2023
Әдебиет • 01 Наурыз, 2023
Жер дүниедегі жаратылыс атаулыны тану адамзат дамуымен қатар ілгерілей беретіні сияқты ұлыларды тануға тырысу да жылдар бойы тоқтаусыз жүреді. Сол арқылы тұлғаның өмір сүрген уақытынан алыстаған сайын рухына жақындауға талпынамыз. Ұлы жырлары «бұл ғасырдың шегінен асатын» (М.Әуезов) Мағжан Жұмабаев сынды ақындар заманынан озып туатыны туралы айтамыз. Алайда кеңестік кезде кесіліп кеткен шығармалары хақында аздап естіп-білеміз.