Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Қарадалаға көгілдір отын келді
Алматы облысының аумағында газ тарту ісі қызу жүріп жатыр. Өткен жылы облыс орталығы Талдықорған қаласын көгілдір отынға қосу ісі толықтай аяқталып, қала маңындағы Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласына дейін газ құбыры тартылған еді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2019
Алматы облысында Арыс балаларының жазғы демалысы басталды
Бұған дейін жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласындағы мектептерде оқитын 150 бала жазғы демалысының бір айын Жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан лагерлерде өткізетінін жазған едік. Ел Астана күнін мейрамдап жатқан сәтте оңтүстіктен шыққан отарба арыстық 138 баланы Алматы облысының аумағына жеткізді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2019
Текелінің жомарт жүректі жандары тағы бір отбасына тұрғын үй сыйлады
Текелі қаласында тұратын Сизиковтердің отбасында 7 бала өсіп келеді. Отағасы Александр қоларбаға таңылған кемтар жан, 1-топтағы мүгедек. Ал отанасы Наталья ері мен балаларын күтіп-бағып отыр. Көпбалалы отбасының жеке баспанасы жоқ еді...
Аймақтар • 08 Шілде, 2019
Көксу ауданында 13 отбасы баспаналы болды
Астана күні қарсаңында Алматы облысының Көксу ауданында 13 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Өңірдегі Балпық би, Мұқаншы, Айнабұлақ, Еңбекші ауылдық округтерінде тұратын әулеттердің қуанышын аудан әкімі Алмас Әділ бөлісті.
Аймақтар • 06 Шілде, 2019
Астана күнінде жетісулықтар баспана кілтін алды
Елорда күніне орай Алматы облысында 330 отбасы бірден қоныс тойын тойлады. Талдықорған қаласында 230 пәтерлік 3 көпқабатты және Қаратал ауданында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік бағдарлама бойынша үй кезегінде тұрғандарға арналып салынған 100 пәтерлік, көпқабатты 2 баспана пайдалануға берілді.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Қарадалаға көгілдір отын келді
Алматы облысының аумағында газ тарту ісі қызу жүріп жатыр. Өткен жылы облыс орталығы Талдықорған қаласын көгілдір отынға қосу ісі толықтай аяқталып, қала маңындағы Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласына дейін газ құбыры тартылған болатын.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Жетісу домбырашылары 24 сағат бойы тоқтаусыз күй шертті
Елімізде биыл «Домбыра күні» екінші жыл қатарынан аталып өтуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының аясында бастау алған домбыра мен дәстүрлі өнерге құрмет көрсету шарасы аймақтарда жалғасын тауып жатыр.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Жетісулықтардың салыққа берешегі 2 миллиард теңгеден асты
Алматы облысы тұрғындарының жер, көлік және мүлік салықтары бойынша қарызы 2 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл жайында аймақтың мемлекеттік кіріс органы хабарлады.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Жетісулық құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіруге кірісті
Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне Алматы облысы да белсенді түрде атсалысуды бастап кетті. Бұған дейін Жетісу жұрты қиын жағдайда қалған арыстықтарға алғашықлар қатарында гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Қазір бұл игі іс те жалғасуда.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Жетісуда 1299 баланың жәрдемақысы көбейді
Бүгінде Алматы облысында 7848 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы жәрдемақы алады екен. Оның ішінде 1-топтағы мүгедек санатындағы 1299 баланың тиісті жәрдемақысы шілде айынан бастап көбейеді.