Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Қоғам • 21 Маусым, 2022

Балаларды қуантты

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үлкен іс тындырып отырған мекеменің бірі – Талдықорғандағы Оқушылар сарайы. Мұнда 8 бағыт бойынша 44 үйірме жұмыс істейді. Ал онда 2 200 бала түрлі бағытта тәлім алады.

Медицина • 20 Маусым, 2022

Үздік мамандар марапатталды

Қонаев қаласында Алма­ты облысының әкімі Ма­рат Сұлтанғазиев меди­ци­на қызметкерлерін кәсі­би мерекесімен құт­тық­­тап, марапаттады. Салтанатты іс-шара­да аймақтағы үздік дәрігер­лер мен емдеу орын­да­ры анықталып, жеңім­паздарға қомақты ақша­лай сыйақы берілді.

Қоғам • 19 Маусым, 2022

Журналистер мен жас еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуантты

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары 10 жылдан бері қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді екен. Яғни бұл мектепте жыл бойы қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобалар реті түрлі игі іс-шаралар түрінде жүзеге асырылады. Олардың қатарында «Мектепке жол», «Досыңа кітап сыйла», «Ардагерді құттықта» сияқты іс-шаралар өте танымал.

Медицина • 17 Маусым, 2022

Үздік дәрігерге – 7 млн теңге

Коронавирус инфекциясының беті қайтқанымен отандық медицина саласының иығынан ауыр жүк түскен жоқ. Өйткені денсаулық күзетіндегі міндет әрдайым жауапкершілік жүктейді. Осы сапта жетісулық дәрігерлер де бар.

Аймақтар • 17 Маусым, 2022

Шалғайдағы ауылдың шамы сөнбесін

Жалпы, Жетісудың жалпақ аймағына екі облыс сыйып жатыр. Ежелден мұңы да, сыры да ортақ болғаны бар, тағдыры да тоқайлас екені және анық. Әрі енді ғана еншісі бөлінген Жетісу мен Алматы облыстарына тән жетістіктер мен мәселелерді бірден бөліп қарастыруға ертерек болса керек. Көп жағдайда өңірдің тынысы егіз қозыдай ұқсас қалпында өрбитіні де сөзсіз.

Аймақтар • 16 Маусым, 2022

Талдықорғандағы тұрғын үйлер түгенделе ме?

Талдықорған қаласындағы баспана кезегіне және тұрғын үйлерді құжаттандыруға қатысты мәселеге маңыз беретін уақыт келген сияқты. Қазір тұрғын үй кезегінің бірыңғай республикалық базасын қалыптастыру кезінде кезектен шығып қалған немесе кезек нөмірі өзгерген азаматтар әділдік іздеп жүр.

Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Саяжай тұрғындары өркениетке сай өмір сүруге қақылы

Талдықорғанды «Жетісудың кіндік қаласы» деп бұрыннан айтатын. Қазір бұл атау одан сайын нақтылана түскені анық. Өйткені Алматы облысынан енші алған аймақ енді дамудың жеке-дара жолына түсті. Яғни жаңадан құрылған Жетісу облысы мен оның орталығының тыныс-тіршілігі бұрынғыдан бетер жұртты қызықтыратыны сөзсіз. Алайда бұл талды қалада тағылымды өркендеумен қатар қордаланған мәселе де жоқтың қасы дегенді білдірмейді. Мәселен...

Қазақстан • 14 Маусым, 2022

Индустриялық аймақтың игілігін қашан көреміз?

Ел картасына жеке өңір болып енген Жетісу облысындағы әкімшілік шекара бөлінісі мен атқарушы билік құрылымын қалыптастыру үрдісі толықтай аяқталды деуге болады. Ендігі жерде өңірдің қалыпты өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыс күн тәртібіне шығатыны аян. Бұл тұрғыда күні кеше облыс басшысы болып тағайындалған Бейбіт Исабаевтың әкім ретінде атқаратын ісі қыруар.

Аймақтар • 13 Маусым, 2022

Аймақтың жаңа басшысы ант берді

Талдықорған қаласында Жетісу облысы әкімін тағайындауға келісім беру бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиыны өтті. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен ресми іс-шараға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қатысты.

Аймақтар • 13 Маусым, 2022

Міндет – өңір әлеуетін арттыру

Қонаев қаласында Алматы облысы аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының жиыны өтті. Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.