Медицина • 07 Ақпан, 2022
Обыр белгісі анықталған науқастардың күрт көбеюі әлем дәрігерлерін алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша бүгінде ғаламшарда қатерлік ісік ауруына шалдыққан 20 млн-нан астам науқас бар. Ал осы дерттің алғашқы белгісі жыл сайын 300 мың адамның бойынан анықталады.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Ішкі нарықтағы баға саясатының жүгенсіз кетуі елдің тұрмыс жағдайына тікелей әсер етіп, оның соңы әлеуметтік толқуға ұласқаны белгілі. Яғни тұтыну нарығындағы қымбатшылық тұрғындардың күнкөріс деңгейімен салыстырғанда дабыл қағатын жағдайдан асып кеткені жасырын емес.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2022
Жетісу жемқорлар ордасына айналды ма?
«Бүркеген жерге бүрге жиналады» дегендей, қоғамдағы жағымсыз жағдайды жасырып, жабудың соңы жақсылыққа апармайды. Оның өкінішті мысалын жүйені жайлаған жемқорлықтан байқап отырмыз. Оның үстінесыбайластықтың жегі құрттай жеп, тамыр жайғанына себепкер мен кінәліні алыстан іздемейтініміз тағы анық.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2022
Қираған ғимараттар қашан қалпына келеді?
Қаңтар айындағы қайғылы оқиғаның зардабы Жетісу жерінде де сезілген болатын. Жаппай тәртіпсіздіктің салдары облыс орталығы Талдықорған қаласында ерекше байқалды. Сол тұста ел Президентінің Жарлығымен аймақта төтенше жағдай жарияланып, террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» белгіленген-ді. Қазір өңірде зардап шегіп, қираған нысандарды қалыпқа келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығы неге драйверге айналмады?
Жалпы, біздегі көп мәселенің тіні жең ұшынан жалғасқан жемқорлықта жатса керек. Мемлекеттің дамуына мінсіз қызмет етуге тиіс жауапты шенеуніктердің сыбайласу арқылы қазына қаржысын қарпуының салдары тиісті саланың туралауына ғана әкеліп қоймай, тұтас экономиканың тығырыққа тірелуіне мәжбүр еткені анық.
Білім • 03 Ақпан, 2022
Жетінші сынып оқушысы сайт жасады
Жетісу өңірінде білім мен ғылымға құмар оқушылар өсіп келеді. Бұған өскелең ұрпақтың қолынан шыққан пайдалы өнертабыстардың көптеп жария болуы дәлел. Солардың бірі – Ақсу ауданындағы Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің 7 «б» сынып оқушысы Тимур Біріжанов.
Туризм • 03 Ақпан, 2022
Тау туризмі: бос сөзден нақты іске
Жетісу өлкесінің туристік әлеуеті жоғары екенін енді қайталап айтып, жазу артық шығар. Алайда табиғаттың түрлі тамашасына бай облыста туризмнің дамуы әлі бірқалыпқа түскен жоқ. Осы мақсатқа ұзақ жылдар бойы мемлекет тарапынан лайықты көңіл бөлініп, тиісті қаржы құйылса да, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже болмай отырғаны жасырын емес.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2022
«Жетісудан сөйлеп тұрмыз...» Аймақтағы радио алғашқы хабарын таратты
Қазақтың ақпарат кеңістігі тағы бір радиоарнамен толықты. Енді әуе толқынында «Жетісу» радиосы өз хабарларын тарата бастайды. Аймақтағы жедел ақпарат жеткізетін алғашқы радио Алматы облысындағы шекаралық аймақтарға, интернет байланысы шектеулі ауылдарға қолжетімді болмақ.
Коронавирус • 03 Ақпан, 2022
Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де азаймай отыр. Өткен тәулік аралығында өңірде 273 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыс әлі де «қызыл аймақта».
Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
«Жетісу» радиосы алғашқы хабарын таратты
Қазақтың ақпарат кеңістігі тағы бір радиоарнамен толықты. Енді әуе толқынында «Жетісу» радиосы өз хабарларын тарата бастайды. Аймақтағы жедел ақпарат жеткізетін алғашқы радио Алматы облысындағы шекаралық аймақтарға, интернет байланысы шектеулі ауылдарға да қол жетімді болмақ, деп жазады Egemen.kz.