Аймақтар • 19 Наурыз, 2021
Ауылда өскен аға буын ұрпақтың құлағына «Қой қоздап, қорада шу...» деп келетін тақырып әбден таныс болса керек. Әсіресе, көктемгі мал төлдету маусымында бұл сөздің мәні ерекше болмақ. Өйткені төрт түліктің төлі көбейіп, мал басының артуы құт пен берекенің бастауы ғана емес, толайым табыстың да нышаны. Енді осы үдеден шығу жолында білек сыбанып, бел шешіп еңбек етіп жүрген шопан қауымының әр күні тәуекелге толы. Бұл қатарда жетісулық малсақ жандар да бар.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Математиктерді мойындатқан Махмұт
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Махмұт Омар екі бірдей халықаралық олимпиададан топ жарды. Жас математик жақында өткен «Азия – Тынық мұхит аумағы» олимпиадасы мен «Жібек жолы» XX математика додасынан жеңімпаз атанып, күміс медальға ие болды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Жетісуда жұқпалы індет өршіп, облыс «сары аймаққа» өтті
Жетісуда жұқпалы індеттің таралу қауіпі тағы да жоғарылай түскен сияқты. Өйткені, соңғы бірер тәулікте обылста 91 адамнан коронвирус белгісі анықталған екен. Ал аймақ «сары аймақ» санатына кірді.
Туризм • 15 Наурыз, 2021
Таңдай қақтырған Түрген шатқалы
Асқаралы Алатаудың бауырына сұғынып жатқан Түрген атты ауыл бар. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында ғой. Жетісудағы тұмса табиғат дәл осы мекенге келгенде шынайы көркемдік пен ерекшелікке барын салған сияқты. Өйткені, айналасын тау қоршаған өлкеде саф ауа, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесінің басы қосылып, бір үйлесім тауып тұрғандай әсерге бөлейді.
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Таңдай қақтырған Түрген шатқалы
Асқаралы Алатаудың бауырына сұғынып жатқан Түрген атты ауыл бар. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында ғой. Жетісудағы тұмса табиғат дәл осы мекенге келгенде шынайы көркемдік пен ерекшелікке барын салған сияқты. Өйткені, айналасын тау қоршаған өлкеде саф ауа, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесінің басы қосылып, бір үйлесім тауып тұрғандай әсерге бөлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2021
«Жұмыртқадан жүн қырыққандар» немесе құс өнімі неге қымбаттады?
Былтырдан бері біртіндеп қымбаттай бастаған жұмыртқаның бағасы ақпан айында шарықтау шегіне жеткен сияқты. Алты ай аралығында бір дана жұмыртқаның нарықтағы ресми құны 30 теңгеден өсіп, 57 теңгеге дейін жетті. Қазір бұл баға жекелеген сауда нүктелерінде 60 теңгені құраған. Яғни 10 дана жұмыртқаны бір жыл бұрын 300 теңгеге сатып алған тұтынушы енді оған 600 теңге төлеуге мәжбүр. Демек, ішкі нарықта жұмыртқа бағасы 100 пайызға дейін қымбаттап отыр.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Жыр Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың әдеби музейі биыл отыз жетінші көктемін қарсы алып отыр. Жетісудың кіндік қаласы –Талдықорғандағы мұражай 1984 жылы ашылған болатын. Ғибратқа толы ғимарат осы мерзім аралығында қаламгер шығармашылығының шырақшысына айналып қана қоймай, өңірдегі руханияттың да қара шаңырағына айналды.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Медбике Ләззат Илиясқызын ауылдағы ағайын «Алтын қолды батыр апай» деп атайды екен. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені кейіпкеріміз қазір тарихқа айналған Ауған соғысына қатысыпты. Одан кейінгі еңбек жолы ауылдағы ауруханада жалғасып, қатардағы медбике болып зейнетке шыққан. Әлі де қатардан қалмай, денсаулық күзетінде жүр.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
«Егеменнің» Алматы облысындағы тілшілер қосынына Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылының тұрғындары хабарласып, өздері тұратын елді мекендегі бірқатар мәселе туралы айтқан еді. Ағайындарды он жыл бойына жөндеу көрмеген ауыл ішіндегі жолдың жайы алаңдатады екен.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2021
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аяз қысқан ақпан айының ортасында Талғар ауданындағы бір шаңырақта өрт шығып, төтенше жағдай болған еді. Қиындыққа тап келген әулетте шиетттей бала-шаға бар-тын. Оқыс оқиға алты балалы отбасын әбігерге салған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz