Президент • 11 Қараша, 2020
Қапшағай дәрігерлері індетпен күресуге дайын
Коронавирус індетінің ағашқы толқыны Қапшағай қаласына да үлкен сын болған еді. Дерт жұқтырғандар саны күрт көбейіп, шағын қалаға қатаң шектеу енгізілген болатын. Қазір де аймақта сақтық шарасы күшейіп, індеттің екінші толқынына дайындық барысы күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қараша, 2020
Отандық тамақ өнеркәсібі әлем нарығына дайын ба?
«Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген нақылдың мағынасына терең үңілетін шақ келген сыңайлы. Өйткені, төрткүл дүние тіршілігін азық-түліксіз елестету қиын. Ал әлем биылғыдай пандемия шеңгеліне түскен кезеңде адамзат аштық пен тоқтық жайында шындап ойланғаны анық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2020
Дрондар додасы (Жетісуда ерекше жарыс өтті)
Алматы облысының Талғар ауданында ерекше жарыс өтті. Бұл жолы көкке әртүрлі ұшу аппараттары самғап, шеберлік сайысына қатысты. Яғни аймақтағы алғашқы дода «JETİSÝ Эрон дрон» деген атпен ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 08 Қараша, 2020
"Құс тұмауы" Жетісу өңіріне де жетті ме?
Алматы облысының аумағындағы фабрикаларда құс қырылып жатыр. Қанаттыларға қырғидай тиген дерттің "Құс тұмауы" екені анықталған. Алайда, мамандар жағдайдың бақылауда екенін айтып, дабыл қағудың реті жоқ деген пікірде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қараша, 2020
Облыс шекарасына санитарлық бекет қойылды
Өкінішке қарай, індеттің екінші толқыны іргеде тұр. Қазір барлық аймақта сақтық шарасы күшейіп, карантин шектеулері қатаңдатыла бастады. Осы санатта Алматы облысы да бар. Әзірге өңірдегі жағдай тұрақты болғанымен, көршілес Шығыс Қазақстан облысындағы ахуалдың асқынуы жетісулықтарды да алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қараша, 2020
Жетісулық студенттер Польша университетінің дипломын алды
Еліміздің жоғары білім беру саласында өзіндік дәстүрі бар әрі сапалы маман даярлауға үлес қосып отырған оқу орының бір – Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. Бүгінде университет әлемдік стандартқа сай оқу жүйесіне көшіп, студеттерге бірден екі мамандық иесі атануға жағдай жасап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Аймақтың әлеуеті артса, әлеуметтің жағдайы оңалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында өңірлерді дамытуға орай жауапты міндеттер белгіленген болатын. Президент пәрмені аймақтағы істердің атқарылуына серпін беріп, облыс әкімдерінің жұмысын ширата түскені анық. Осы орайда өңірлерде жүзеге асқан шаралар легі баршылық. Енді әкімдер орындалған міндет пен қол жеткен нәтиже жайында жұртты құлағдар етіп, есеп беруге кіріседі.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Нәтижеге жеткізген «Жол картасы»
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаражат ауыл-аймақтың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Басқасын айтпағанда, аудандардағы ширек ғасырға жуық күрделі жөндеу көрмеген ғимараттар жаңғыртылып, шұрық-тесік ішкі жолдарға жөндеу жүргізілді. Жалпы, бұл бағыт бойынша Алматы облысының аудандарындағы жұмыс ауқымы атап айтуға тұрарлық.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Жетісу дәрігерлеріне жылжымалы медицина кешені табыс етілді
Алматы облысының денсаулық сақтау мекемелеріне 89 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешенінің кілті табысталды. Жалпы, биыл аймақ бюджетінен бөлінген қаржыға 180 жаңа көлік сатып алу жоспарланған болатын. Соның алғашқы легі аудан, қаладағы дәрігерлердің қолдануына берілді - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Қазан, 2020
Індетпен күресу ісінде іркіліс жасауға болмайтынын уақыт талап етіп отыр. Өйткені, аймақтарда коронавирустың ізі ішінара болса да айқын білініп, ел айналаға алаңдай бастағандай. Дерт жұқтырғандар қатары Жетісу өлкесінде де анықталуда. Ал сақтық шарасы мен екінші толқынға дайындық барысы күн тәртібінде.