Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Сарқан диқандары бір күнде 275 тонна қант қызылшасын жинады

Алматы облысында қант қызылшасын қазу жұмысы қарқын алды. Бұған дейін өңірдегі қант өндірісі алыптарының бірі –  Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін қабылдауды бастаған болатын. Ал бүгін екінші өндіріс жаңа маусымды іске қосты. Яғни Ақсу қант зауыты аймақтағы Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының шаруалары еккен тәтті түбірді қабылдап өңдейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Тәтті түбір алқабында еңбек дүбірі басталды

Жетісудің жер емген диқан­дары қант қызылшасын қазып, жинауды бастады.

Оқиға • 29 Қыркүйек, 2020

Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды

«Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының биылғы бас тақырыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған екен. Жақында жас таланттарды іріктеп, оза шапқандарға арнайы жүлде беретін байқаудың ақтық сайысы өтті.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Жұқпалы індетпен күрес Жетісуда қалай жүруде?

Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты.

Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020

Қашықтан қалай оқып жүр, интернетсіз ауыл баласы...

«Egemen Qazaqstan» газе­ті­нің тілшілер қосынына Алматы облысының Ұйғыр ауда­нын­дағы Кепебұлақ ауылы­ның тұрғындары хабарласып, қашықтан оқуға қатысты мәсе­лені баяндады. Ауылдағы ағайын елді мекенде интернет желісін былай қойғанда, ұялы телефон байланысының жоқтығына налиды. Ал мектеп оқушылары мен студенттер онлайн сабаққа қатысу үшін жол жағалап, телефон байланысы бар жер іздеуге мәжбүр болып отыр.

Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2020

Қайыңды (Көл туралы көлдей сөз жазу аз, кереметті көзбен көру керек)

Жер жаннаты Жетісудың жауһарына айналған көрікті мекеннің бірі – Қайыңды көлі. Көл туралы көлдей сөз жазудан гөрі, оны көзбен көрген артық, әрине.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020

Жаңа жобалар өндірісті өркендетіп, инвестиция тартуға жол ашты

Биыл Алматы облысында «2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының аясында жалпы сомасы 104,1млрд теңге болатын 12 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2400 адамға жұмыс орны ашылмақ. Ал жыл басынан бері құны 14,1 млрд теңге болатын 3 жоба пайдалануға беріліп, 578 тұрғын жұмыспен қамтылған.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасының Алматы облысындағы нәтижесі қандай?

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер Жетісудың шалғай аудандарында тұратын жұрттың көңілінен шығып отыр. Мысалға, бұған дейін өңірге шарапаты тиген мемлекеттік бағдарламалардың алдағы мерзімде де жалғасатыны елдің ертеңге деген үмітін үкілегендей болды. Әсіресе, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына қатысты Президенттің пәрменін ағайын қызу қолдайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Орталық ауруханаларға оттегі стансасы қойылуда

Алматы облысында ін­дет­пен күрес шараларын жетілдіру үшін медицина ұйымдарының материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтуға баса көңіл бөлініп отыр. Жалпы, коронавирустың екінші толқынына да­йын­дық­қа қажет мақсатта облыстық бюджеттен 6,6 млрд теңге қаржы қарас­ты­рылған болатын.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Диқандар дәнді дақыл оруды аяқтады

Жетісу өңірінде күзгі жиын-терін жұмысы қарқынды жүріп, өнімнің негізгі бөлігін жинау аяқталуға жақындады. Жалпы, биыл облыс диқандары 968,6 мың гектарға егілген дәнді дақылдардан өнім жинауы тиіс. Болжам бойынша орылған дәннің өнімділігі көңіл қуантарлықтай екен.