Экономика • 10 Қыркүйек, 2020
Жетісуда жиын-терін жұмысы қарқын алды. Қазір облыс диқандары 968,6 мың гектарға егілген дақылдардан өнім жинау үстінде. Жалпы, биыл аймақтағы егістік алқабының көлемі жылдағыдан артып, 7 мың гектарға ұлғайған болатын.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Жетісу жолдарының сапасы жақсара ма?
Жақында Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин "Өскемен - Талдықорған" автокөлік жолындағы құрылыс барысы мен "Үшарал - Достық" күре жолы құрылысының жобасымен танысқан болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Індеттің екінші толқынына дайындық ойдағыдай ма?
Жетісуда жұқпалы індетке жаңадан шалдығушылар саны азайды. Ел ішіндегі эпидемиялық жағдайдың оңалғанын ауруханаға жатып емделушілер үлесінің күрт кемігенінен байқауға болады. Қазір облыстағы стационарлардың жүктемесі едәуір төмендеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Инвесторлармен жұмыс оң нәтижесін беріп отыр
Бүгінде Алматы облысының инвестициялық портфелінде 2029 жылға дейін жүзеге асатын 469 жоба бар. Бұл дегеніңіз 4,9 трлн теңге қаржы жұмсалатын жеке бастаманың сөз жүзінен шындыққа айналуына жол ашылады дегенді білдіреді. Егер осы жобалар сәтімен іске асса, облыста 44 000 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Жұмыспен қамту жөнінен Алматы облысы көш бастады
Жетісуда тұрақты жұмыспен қамтылған адамдардың үлес саны артып келеді. Ал тұрғындардың жаппай еңбекпен қамтылуы жөнінен Алматы облысы республика бойынша алғашқы орында тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Індетпен күресте іркілмеу керек
Жұқпалы індетпен күрес жұмысына салғырт қарап, босаңсуға болмайтынын бұған дейінгі жағдай әйгілеп бергені анық. Демек, отандық денсаулық сақтау саласы үшін сындарлы кезеңнің салмағы жеңілдеген жоқ. Оның үстіне мамандар коронавирустың екінші толқыны қайталануын болжап отыр. Әрі бұл жолғы індет екпінінің айтарлықтай ауыр болатыны жайында айтылуда.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2020
Жолдау жүктеген міндеттің жүзеге асу жолы
Алматы облысының активі Жолдаудың міндеттерін орындау мәселесін талқылады. Жиынға аудан, қалалар селекторлық режімде қосылды.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Тұрғыны көп ауданда тыңғылықты іс бар
Биыл Алматы облысы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 977 жоба қабылданып, мақсатқа жету үшін 109,2 млрд теңге бөлінген болатын. Қазір аймақтағы жұмыс қарқыны қызу. Ерте көктемде бастау алған құрылыс пен жөндеу ісі нақты нәтиже де бере бастады. Әсіресе аудандар мен шағын қалаларда мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алынған жобалар жемісті.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2020
Салтанаты жарасқан студенттер үйі (Талдықорғанда 13 қабатты жатақхана пайдалануға берілді)
Жетісуда студенттерге арналған 288 орындық көпқабатты жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» аясында жатақхана құрылысы өткен жылы қолға алынып, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,3 млрд теңге жұмсалды.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын білім ошақтарының санын азайту міндеті Алматы облысы үшін де өзекті. Ал мәселені шешудің жолдары кезек күттірмейді. Нәтижесінде, білім саласына қарасты нысандарда күрделі жөндеу, жаңа құрылыс қарқынды жүріп жатыр.