Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Жұқпалы індетпен күрес Жетісуда қалай жүруде?

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты.

Жұқпалы індетпен күрес Жетісуда қалай жүруде?

Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының мәліметінше, ай­мақ­тағы індетпен күрес жұмысы қа­­лыпты жүріп жатыр. Қазір бар­­лық емхана мен аурухана не­гізгі қызметін атқаруда. Өңір­дегі «Жедел жәрдем» стансасы да қалып­ты режімде жұмыс істеп тұр.

– Бүгінге дейін облыста тұр­ғынд­ар тарапынан шағым­дану­шылар көп болғанымен, аурухана­лар­да орын тапшылығы сезіле қой­ған жоқ. Адамдардың өз ден­сау­лығына алаңдауы орынды. Сон­дықтан кез келген сұрақ бойынша емдеуші дәрігер мен «Жедел жәрдем» қызметіне хабар­ласу­шылардың саны артқаны анық. Мұндай жағдайдың Талдықорған қаласы бойынша көбейгені бай­қалды. Бірақ дәрігерлер әр ша­ғым бойынша жұмыс істеп жатыр. «Жедел жәрдем» қызметі аса ауыр жағдайдағы науқастарға бі­­рін­ші кезекте көмек көрсетуде. Қала ауруханаларында орын саны жет­кілікті. Науқастың сипатына қарай ауруханаларға бөліп орна­ластыру қолға алынған, – деді облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Алайда, облыс орталығын­дағы жағдай бақылуда болғаны­мен,

2 млн тұрғыны бар облыс­тағы ах­­уал­ды толық оң бағалауға кел­­­мейді. Әсіресе ауылдық өңір тұр­­ғындары тарапынан медици­­на мекемелеріне көмек сұрап келу­шілер саны артты. Мұндай жағдай Алматы қа­ласы маңындағы аудандарда бай­қалып отыр. Мысалы, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудан­дарына қарасты ауылдардың тұр­ғындары маман дәрігерлердің тап­­шы­лығы мен «Жедел жәр­дем» стан­сасының жұмысына көңілі тол­майтынын айтып, шағым­дану­да. Жекелеген аудандарда «Жедел жәрдем» қызметінің бір бригадасы 10 мың тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр болып отыр. Сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы қат­ты сезіледі. Бұған дейін облыс әкі­мінің есебінде аймақта 214 ма­ман­ға сұраныс бар екені мәселе ретінде көтерілген еді.

Соған қарамастан дәрігерлер дертпен күресте барлық мүмкін­дікті пайдалануда. Олардың қата­рында Қапшағай қаласының ақ же­леңді абзал жандары да бар. Дерек бойынша, қазірге дейін Қап­шағай қаласында 170 адам «ви­рус­тық пневмония» диагнозы­мен ауруханаға жатқызылған. Қала­дағы аурухананың терапия және балалар аурулары бөлім­ше­лері қайта жабдықталып, про­ви­зор­лық бөлімге айналып, орын саны 180 төсекке дейін көбей­ген. Бар­лық палатада оттегі тасы­мал­дай­­­тын баллон орнатылған. Қала бо­йын­ша 7 «Жедел жәрдем» көлігі тұ­рақты жүріп тұр екен. Пан­­филов ауданында да індетке қар­сы жұ­мыстар алгоритм бойынша жүр­гізілуде. Елді мекендерде тәулік бойы кезек­шілік ұйым­дастырылған.

– Аудан бойынша 3 жедел топ құрылған. Олардың негізгі жұмысы күнделікті мониторинг жасау. Ауыр жағдайдағы науқас­тарды қарап, алгоритм бойын­ша қандай тексерулер жасау қажет­тігін және емделу бағыт­тарын ай­қындайды. Ауданда 30 орын­дық госпиталь, 20 орындық провизор­лық бөлім жұмыс істейді. Әкім­шілік медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп отыр. Жұмыс­қа шыққан қызметкерлердің бар­лығы қонақүйге орналастырылды. Оларды тасымалдауға ар­найы көлік бекітіліп, күнделікті медицина колледжінің 12 студенті волонтерлік көмек көрсетуде. Яғни еріктілер науқастарға үйіне тегін алатын дәрілерін жеткізіп беру, басқа да қызметтерге көмек­тесетін болады, – дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.

 

Алматы облысы