Экономика • 10 Маусым, 2020
Көгілдір отынмен қамту – күн тәртібінде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Алматы облысы аумағындағы табиғи газбен қамту жұмысын сынға алып, тиісті ескерту жасаған болатын. Қазір Президент тапсырмасынан туындаған міндеттер іркіліссіз жүзеге асып, аймақтағы жұмыс біршама ілгеріледі.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Бірегей бассейн (Талдықорған отандық су спортының орталығына айналды)
Жетісу атауы айтылған жерде нулы табиғаттың көркем бейнесі ойға алдымен оралатыны анық. Шын мәнісінде табиғат ананың мейірі түскен өңірді 7 өзен өрнектеп ағып жатыр. Сол себепті де аймақты жер жәннатына, жерұйыққа теңеудің астарында ақиқат бар.
Қоғам • 10 Маусым, 2020
Университет студенттері енді жеке қалашықта тұрады
Бұйырса, алдағы бірер аптада Талдықорған қаласындағы «Қаратал» шағын ауданы аумағында Студенттер үйінің есігі айқара ашылмақ. Қазір бұрынғы «сақалды» құрылысқа айналған қонақүй ғимараты толықтай қайта жаңғыртылып, керемет кампусқа айналды. Жаңа нысанның қолданысқа берілуі қалада білім алатын 288 студенттің жатақхана мәселесін бірден шешпек.
Руханият • 09 Маусым, 2020
Пышан Жәлмендеұлының тасбиығы табылды
Зобалаң жылдарында жазықсыз атылып кеткен қазақ зиялысының бірі Жетісуда өмір сүрген Пышан Жәлмендеұлы. Заманында ақындық өнері мен азаматтық ұстанымы Алатаудың қос қапталына әйгілі болған Пышан серіні Совет үкіметі 1921 жылы оққа байлаған, - деп хабарлады Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2020
Талдықорған отандық су спортының орталығына айнала ма?
Жетісу атауы айтылған жерде нулы табиғаттың көркем бейнесі ойға алдымен оралатыны сөзсіз. Шын мәнісінде табиғат ананың мейірі түскен өңірді 7 өзен өрнектеп ағып жатыр. Сол себептен де аймақты жер жәннатына, жерұйыққа теңеудің астарында ақиқат бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Алматы облысы: Алакөл жағалауы қашан ашылады?
Биыл әлемдегі туризмнің жағдайы мәз болмайтыны анық. Осылайша, пандемия қауіпі нәпақасын демалыс орындары мен қызмет көрсетуден түскен қосымша табыстан тауып отырған мемлекеттердің экономикасына жойқын соққы жасады.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Жетісуда жол картасы бойынша жұмыс басталды
Биыл Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 109,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде аймақтағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта 977 жоба мақұлданып, аудандарда жұмыс басталып та кетті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Алматы облысындағы жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Жетісуда жыл соңына дейін ашылатын жұмыс орнының саны 22,8 мыңға жетеді деген болжам бар. Бұл қадамға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асатын 977 жобаның нәтижесінде қол жетпек. Осы мақсатқа бюджеттен 109,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Жаңадан ашылатын жұмыс орнының 1,8 мыңы тұрақты еңбек нарығына үлес қоспақ. Ал облыстағы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10,5 мың адам жұмыспен қамтылады екен.
Экология • 29 Мамыр, 2020
Жаһан жанарындағы Жетісу жауһарлары тоқыраған туристік саланы жандандыра ма?
COVID-19 індетінің таралуы әлемнің экономикалық дамуын ғана емес, адамдардың тіршілік ету қағидасына да түбегейлі төңкеріс әкелгені анық. Мәселен, ендігі жерде тұрғындар қарым-қатынас, жүріс-тұрыс әдеттеріне шектеу мен өзгерту енгізетіні сөзсіз. Сондай қалыптасқан қағиданың қатарында маусымдық демалыс дәстүрі де бар еді, енді жұрт бұл ұстанымынан бас тартпаса да, мейлінше сақтық шарасына көшіп жатқаны белгілі. Бұл, әрине, экономикалық табысы туризмнен түсетін қаржы көзіне тәуелді мемлекеттер үшін ауыр соққы болмақ.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Талдықорғанда үшем дүниеге келді
Сәуір айының соңында Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталды орталықта үшем дүние есігін ашқан еді.