Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Жетісудың 70 жастағы тұрғыны жұқпалы індеттен айықты

Алматы облысында коронавирустан емделіп, ауруханадан шыққан науқастар қатары тағы бір адаммен толықты. Осымен жалпы облыс бойынша індеттен тоғызыншы тұрғын айықты.

Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Жетісу еріктілерінің жемісті еңбегі

Жетісу жастарының волонтер міндетін атқаруға деген ынтасы жоғары. Және бұл жақсы үрдіс биылғы жылдың «Еріктілер жылы» деп жарияланғанына дейін-ақ қалыптасқан болатын. Мәселен, былтыр облыстағы еріктілер саны 1043 бастамашыл жасты құраған екен. Ал қазір волонтерлер қатары 1771 адамға жетті.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Жетісуда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Осы сәтке дейін ауырғандар саны 44 адамға жетті.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Береке ауылында не болды?

Кешеден бері әлеуметтік желіде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округі тұрғындарының наразылық акциясына шыққаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Тұрғындар Береке ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның алдына жиналған. 

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Алматы облысында бір дәрігердің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 41 адамға жетті. Осы сәтке дейін тағы 4 адамнан індет белгісі анықталды. Ал сауыққан пациент саны – 8.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы облысындағы Сарыөзек кенті карантинге жабылады

Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады. Ауылдағы індет жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Індет жұқтырғандар саны тағы сегіз адамға көбейді

Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны күрт көбейді. Осы сәтке дейін тағы 8 тұрғын ауырып, індет жұқтырғандардың жалпы саны отыз жеті адамға жетті.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Қой қоздап, қорада шу...

Жетісу даласы төрт түлік мал басына толы. Ірі қара саны 1 млн бастан асыпты. Қой мен ешкінің саны да едәуір. Ауылдағы ағайынның негізі күнкөрісі мен табысы да осы уақ жандықтың арқасында болып тұр. Қазір облыста 4 миллионнан астам қой бар екен.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Danone зауыты дамылсыз жұмыс істеп тұр

Әлемнің аққа құмар тұтынушыларын айран-сүтпен қамтып отырған Францияның Danone компаниясының қазақ топырағына аяқ басқанына он жылдың жүзі болыпты. Осы мерзім ішінде біріккен кәсіпорын Қазақстандағы сүт өнімі бизнесінде көш бастап, Орта Азия нарығын толықтай игерді деуге толық негіз бар.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алакөл ауданының шаруалары да көктемгі егістің қамына кірісті

Төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүрген ауыл адамдарының ерлікке бергісіз еңбегін де ескеруіміз керек. Әсіресе, аймақтағы диқан мен малшының күн райына қарамай атқарып жүрген ісі қандай мақтауға болсын лайық. Өйткені, көктемгі егістің қамы мен төл алу науқаны кезек күтіп тұрмайды.