Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Жетісуда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Осы сәтке дейін ауырғандар саны 44 адамға жетті.

Жетісуда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды

Үш адамның індет жұқтырғаны зертханалық тексеру барысында белгілі болған. Науқастың екеуі Кербұлақ ауданынан, біреуі Еңбекшіқазақ ауданын шығып отыр.

- Кербұлақ ауданының 1973 жылы және 1991 жылы туған тұрғындары бұған дейін 17 сәуірде ауырған сырқатпен байланыста болған. Ал Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген 2006 жылғы жасөспірімнің вирусты қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз. Науқастың анасының айтуынша, баласы ешкіммен байланыста болмаған. Бүгін «Ұлттық сараптама орталығы» мекемесінің облыстық филиалында үш пациентке жасалған лабораториялық зерттеу індет белгісі барын көрсетті. Қазір олар Еңбекшіқазақ аудандық көп салалы ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айтпақшы, сырқаттармен байланыста болғандар 24 адам анықталған. Олардың он екісі үй карантиніне алынып, қалғандары провизорлық стационарға жатқызылды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатыныста болғандардың барлығынан вирусологиялық анализ алынды.