Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Алматы маңы тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетілуде?

Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуы мегаполиспен шектесетін облыс аудандарының тұрғындарына біршама әбігер әкелгені рас. Әсіресе, қаладағы емханаларда тіркеуде тұратындар мен ауруханаларда ем қабылдап жүрген науқастар үшін қиындық туа бастаған еді.

Білім • 02 Сәуір, 2020

Назарбаев мектебінен – Назарбаев университетіне

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 6 оқушысы бірдей еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орыны – Назарбаев университетіне шақырту алды. Бұйырса, 12-сыныпты үздік аяқтайтын оқушылар енді Нұр-Сұлтан қаласындағы озық білім ордасында грантпен оқиды.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Ғалымжан, Рахымжан, Мейіржан: үшем үйіне барды

29 ақпан күні Алматы қаласындағы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханада үшемнің кіндігі кесілген еді. Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында тұратын Ләззат Қаланова аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, Ғалымжан, Рахымжан және Мейіржан есімді 3 ұлды дүниеге әкелген. Бүгін сәбилер анасымен бірге үйіне аттанды.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Коронавируспен ауырғандар саны 9 адам болды

Алматы облысында тағы 1 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, бүгінгі тіркелген дерек бойынша Жетісуда індет жұқтырған адам саны тоғызға жетті.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

«Боралдай нанның» тұтынушылары нансыз қалмайды

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында да қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Қазір азық-түлік сататын дүкендерден басқа сауда орындарының жұмысы толықтай тоқтаған. Аймақтағы тағам өндіретін кәсіпорындардан басқа шағын өндіріс орындары да уақытша жабылды.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Алматы облысы: партия мүшелері 12 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында аймақтағы мұқтаж отбасыларға 12 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетті. Қазірге дейін 793 әулет партия тарапынан нақты көмек алған.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Жетісудағы егістік алқабы 966,5 мың гектарға ұлғайды

Төтенше жағдай кезінде жандарын шүбереке түйіп жұмыс бастаған шаруа қауымының еңбегін ерекше бағалауымыз керек. Әсіресе, қырда жер жыртып, дән егіп жатқан диқандар үшін қазір қарбалас. «Көктемнің әр күні – жылға азық» деген нақылдың нақты іс жүзіне асатын кезеңі жетісулық шаруалар үшін де жауапкершілікпен басталды.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Қауіпсіздік шарасы күшейді

Алматы облысының аумағында короновирус инфекциясы 7 адамнан табылды. Ал жұқпалы індет таралуының алдын алу жұмысы күшейді. Ертеңнен бастап өңірдегі азық-түлік дүкендерінен басқа барлық қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Жетісуда жетінші адам індет жұқтырды

Алматы облысында тағы 1 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл турал облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

Экономика • 30 Наурыз, 2020

Төрт түлік көбейсе, тоқшылық келеді

Жалпы, салыстырмалы түрде алғанда соңғы жылдары Алматы облысында мал басының өсуі мен өнімі орта есеппен 4,5 пайызға артқан екен. Өңірде 102 асыл тұқымды мал бордақылау алаңы құрылған. Алыс-жақын шетелден 10 мың басқа жуық ірі қара әкелініпті.