Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
Карантин қазақтың қалалық ұлтқа айналмағанын көрсетті ме?
Дүниені дүрліктірген коронавирус індеті тұтас әлемді бір тарының қауызына сыйғызып жібергендей. Жалпы, жақын уақытта жұқпалы дерттің емі табылып, жаһан жұрты қалыпты тұрмыс ырғағына түскенімен, әлемдегі тіршілік дағдысы енді бұрынғыдай болмайтыны анық.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
«SADU development» компаниясы карантин аумағына 18 000 құты спирт өнімін жөнелтті
Облыс Алматы қаласының карантинге жабылып, толықтай оқшаулануы мегаполиспен іргелес жатқан Жетісу жұртын да алаңдатып отыр. Қазір қалаға көмек қолын созуға ынталы адамдар тобы көбейіп келеді. Олардың қатарында алғашқы болып Алматы облысының кəсіпкерлері үн қатты.
Медицина • 25 Наурыз, 2020
Жетісу ауруханаларына 27 жасанды тыныс алу қондырғысы қойылды
Елімізде жұқпалы індеттің жылдам таралуына орай аймақтағы ауруханалар мен медицина қызметкерлерінің жұмысы ерекше жағдайда көшірілуде. Қазір Алматы облысында 9 мыңға жуық науқас қабылдайтын орын дайын тұр. Қажет болған жағдайда төсек орын санын 11 мыңға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Алматы облысы: азық-түлік қоры жеткілікті болғанымен бағаның өсуі байқалды
Төтенше жағдай кезінде бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру атқарушы биліктің басты міндеті болып отыр. Алайда, жекелеген дүкендер мен сату орындарындағы бағаның өсуі Алматы облысының аумағында да байқалып отыр.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Талдықорғанға кіріп-шыққан 46 128 адам тексеруден өтті
Алматы облысы аумағында 1 тұрғыннан коронавирус белгісі анықталған болатын. Қазір Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар емханасында оқшауланған науқастың жағдайы тұрақты. Онымен байланыста болған 11 адам да дәрігердің бақылауында.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Алматы облысы: төтенше жағдай тәртібін бұзған 4 адам 5 тәулікке қамалды
Алматының толықтай оқшаулануына байланысты қаладан шығатын жолдар жабық. Қазір полиция мен әскер бөлімдері мегаполистің төрт құбыласын толықтай бақылауға алған. Әсіресе, қала іргесіндегі аудандардан шығатын ішкі жолдарға күзет күшейтілді.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Әкімдер азық-түлік бағасының өсуін тоқтата ала ма?
Бұдан былай Алматы облысының аумағындағы әлеуметтік дүкендерде 1 кг ұнның бағасы 130 теңгеден сатылады. Және алып сатарлықтың алдын алу мақсатында қатаң бақылау жасалып, әр сатып алушыға бір қаптан артық босатылмайды.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Жетісу еріктілері мұқтаж жандарға көмек беруге жұмылуда
Жетісу жастарынан құралған еріктілер тобы да төтенше жағдайда жұмыс істеуге көшті. Қазір облыстағы 17 аудан мен 3 қалада қайырымдылық шаралары тотқтаусыз жүріп жатыр. Жастар бүгінге дейін 520 арнайы акция ұйымдастырып үлгерген.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Алматы облысы: Жылқыны GPS бағады
Былтыр «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясы Алматы облысының Алакөл ауданың аумағынан асыл тұқымды жылқы фермасын ашқан болатын. Өңірдегі қылқұйрықтың санын арттырып, тұқымын жандандыруға орай басталған іс нәтижелі жүріп жатыр. Қазір қыстан шыққан 10 000 бас жылқы жайылымда жүр.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Кеген ауданында төрт түлік мал басы көбейді
Алматы облысы – ауыл шаруашылығына арқа сүйеген аймақ. Тұрғындардың 80 пайызы ауылдық өңірді мекен етеді. Яғни, ел-жұрт несібесін төрт түлік мал мен шұрайлы жерден теріп отыр. Содан болар облыстың аграрлық саладағы табысы жыл сайын өсіп келеді. Мысалға, өткен жылы аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімінің ақшалай көлемі 852 миллиард теңгеге жетіп, нәтижесі 3,4 пайызға көбейді.