Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Алматы облысы: Белгісіз азаматтан 500 000 дана бетперде тәркіленді
Коронавирусқа қарсы күрестің жалпыұлттық сипатқа ие болғанына қарамастан, бұл қасіретті жеке бас пайдасына жаратуды көздеген адамдар да арамыздан табылып отыр.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Талдықорған қаласының кіреберіс жолдарына санитарлық бекеттер қойылады
Алматы облысында індет жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін, науқастың Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Оқиғаға орай облыстың бас дәрігері Бауыржан Ысқақ пен облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Коронавирус • 21 Наурыз, 2020
Коронавирус жұқтырған Қарасай ауданының тұрғыны қажылықтан оралған
Бұған дейін Алматы облысында індет жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз. Қазір коронавирус жұқтырған адам жайында алғашқы мәліметтер анықталды. Ол Қарсай ауданының 1986 жылы туған тұрғыны болып шықты.
Коронавирус • 21 Наурыз, 2020
Алматы облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді
Бүгін белгілі болғандай, Алматы облысының 1 тұрғынынан індет белгілері анықталған. Науқастың жағдайына арнайы орындар мәлімдеме жасағаннан кейін оралатын боламыз.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Талғардың тәтті құлпынайы алматылықтарды тамсандырады
Алматы сияқты үлкен мегаполистің азық-түлікке сұранысы әжептәуір. Әсіресе, қала тұрғындарының көкөніс пен жеміс-жидекке жұмсайтын күнделікті қаржысы тіптен орасан екен. Демек, дайын нарықты балғын өніммен қамту жергілікті билік пен шаруа тізгінін қолына ұстаған іскерлердің міндеті болса керек.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
«Салиқалы ұрпақ» қоры коронавируспен күреске 150 миллион теңге бөлді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне жетісулық іскер азаматтар үн қосып жатыр. Алғашқы лекте Қарасай ауданындағы «Салиқалы ұрпақ» қоры бастама көтеріп, вируспен күрес шараларына 150 миллион теңге бөлетін болды. Бұл қаражат Алматы облысын аумағындағы коронавируспен күрес қорына аударылмақ.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Алматы облысы: мегаполис аумағынан шыққан тұрғындар 14 күнге оқшауланады
Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойған қаулыға сәйкес, енді облыстың Алматы қаласында жұмыс істейтін тұрғындары мен қала аумағынан шыққан барлық азаматтар 14 күндік міндетті үй карантинінде болады. Қаулы қабылдан күннен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Алматы облысы: бетпердені заңсыз сатып байымақ болған тұрғын ұсталды
Бүгін Алматы облысының экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы тексеру барысында Қарасай ауданының тұрғынынан аса ірі көлемде медициналық бетперде тәркіледі.
Руханият • 20 Наурыз, 2020
Қазақ әдебиетінде жаппай форма іздеу науқаны жүріп жатыр
Қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар үш ақын қыз Талдықорған қаласында тұрады. Сағыныш Намазшамова, Гүлбақыт Қасен және Айнұр Төлеумен аймақтағы әдеби орта, шығармашылық байланыс және қаламгерізденісі жайында әңгімелескен едік.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Балабақшаға бармаған бүлдіршіннің орны сақтала ма?
Алматы облысында төтенше жағдай кезінде балабақшаға бармаған бүлдіршіндердің орындары сақталып, ата-аналардан алынатын төлем тоқтатылады.