Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Бүгінде Алматы облысының аумағын 105 этнос мекендейді. Аймақта ұсақ ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін сақтауға, тарихын жаңғыртуға, дәстүрі мен тілін дамытуға барынша мүмкіндік жасалып отыр.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2020
Бүгінде Алматы облысының аумағын 105 этнос үлесі мекендейді екен. Аймақта ұсақ ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін сақтауға, тарихын жаңғыртуға, дәстүрі мен тілін дамытуға барынша мүмкіндік жасалып отыр.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Арыстағы ағайын Жетісу жұртына алғыс айтты
1 наурыз – Алғыс айту күнінің қарсаңында «Egemen Qazaqstan» газетінің Талдықорғандағы тілшілер қосынына Түркістан облысының Арыс қаласының тұрғыны Роза Әбдірахманова хабарласып, Алматы облысындағы ағайынға шын жүректен шыққан аналық ақ тілегін айтып, жерлестерінің атынан ақжарма алғысын жеткізді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Жаңа жатақхана 288 студенттің баспана мәселесін шешеді
Талдықорған қаласындағы «Қаратал» шағын ауданы аумағында салынып жатқан жастар жатақханасы жақын күндері қолданысқа беріледі. Жаңа нысан 288 студенттің баспана мәселесін бірден шешетін болады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматы облысы: Жабық бассейн құрылысы аяқталуға жақын
Талдықорғанда ТМД аумағында теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр. Күніне 750 адамға бірден қызмет көрсететін бассейн қаланың көрікті де көрнекті нысандарының бірі болмақ.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Жетісудағы жол сапасы қаншалықты жақсарды?
Өткен жылы Алматы облысына жұмыс сапарымен келген кезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ әкіміне ішкі қатынас жолдарының сапасын жақсартуды қадап тапсырған болатын. Жақында өткен есеп беру жиынында Амандық Баталов тұрғындарға Президент тапсырмасының қаншалықты жүзе асырылғаны жайында айтты.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Тұрғындардың шағымынан кейін тариф төмендеді
Жақында Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ауыл тұрғындарының өтінішін қарап, өңірдегі ауыз су үшін төленетін ақыны азайтуға шешім қабылдады.
Әдебиет • 25 Ақпан, 2020
Кітапхана көбейген елде қылмыс азаяды
Алматы облысының мәдени дамуын қолдауға бағытталған қаржы көлемі жыл сайын өсіп отыр. Өткен жылы өңірдегі өнер мен мәдениеттің өркендеуі үшін 7,1 миллиард теңге жұмсалыпты. Бұл қаражат аймақтағы 577 мәдениет және архив мекемесін қолдауға бағытталған.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Игерілген инвестицияның игілігі
Өткен жылы Алматы облысы бойынша негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемінің қаржылай құны 641,2 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107 пайызды құрады. Жалпы, аймақтардың экономикалық әлеуеті мен логистикалық мүмкіндігі инвесторлардың назарын бірден аударатыны анық. Бұл тұрғыдан алғанда Алматы облысының жұлдызы жанып тұр.
Руханият • 25 Ақпан, 2020
Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық әні» бөлімі «Алтай, Тарбағатай әндері» атты концерт өткізді. Кештің негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, қазақ даласының қасиетті де киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнерінің өзіндік өрнектерін насихаттау.