Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1829 материал табылды

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Усик ақша ұсынса, Джошуа күте тұрады

WBA (super), IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усик келесі жекпе-жегін WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Тайсон Фьюриге қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Павловтың кезекті жекпе-жегі Мәскеуде өтеді

Шаршы алаңда бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павловтың шаршы алаңға қашан шығатыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Жеңілістен кейінгі жаңа қадам

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 02 Желтоқсан, 2021

30 соққы – 1 гол

Жеті дүркін «Алтын доп» сыйлығының иегері Лионель Месси Францияның лига біріне барғалы бері ойдағыдай нәтиже көрсете алар емес. Испанияның «Барселонасы» сапында жасындай жарқыраған футболшы «ПСЖ» сапына ауысқалы топырлатып гол соғуды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Лу Дибелла: Камбосос Ломаченкомен кездесуі ықтимал

Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, австралиялық Джордж Камбосостың промоутері Лу Дибелла жеңіл салмақтың жампозын украиналық оғлан, екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой бокста үш салмақта топ жарған Василий Ломаченкомен кездестіргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Андраде-Әлімханұлы: Кличко-Фьюри шайқасының көшірмесі болады

Күні кеше ғана қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадеге міндетті қарсылас атанғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Мунгияның арманы – Головкин

Орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия 2022 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Макабуды «Канеломен» жекпе-жек өткізуге міндеттеді

WBC президенті Маурисио Сулеймен бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, конголық Илунго Макабу мен Табисио Мчуну арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль Альвареспен қолғап түйістіретінін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қараша, 2021

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,7 пайызға артқан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 30 Қараша, 2021

Жеңілгеніне жынданып аккаунтын өшіріп тастады

Өзінен сөзі жүйрік Теофимо Лопестің аузы жабылды. Василий Ломаченконы жеңгеннен кейін кеудесін керіп сөйлеген ол 28 қараша күні австралиялық Джордж Камбососқа есе жіберген болатын. Жеңілісін көтере алмаған Тео ақыры ашуланып барып, твиттердегі аккаунтын өшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.